AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілд...

Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

Алматы 20.06.2026, 11:46 477
Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

Алматының бірқатар көшелерінде көлік қозғалысын ұйымдастырудың жаңа тәртібі енгізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 18 маусымнан бастап Медеу ауданында Достық даңғылының Гоголь көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс солтүстік бағытта біржақты болды. Сондай-ақ Зенков көшесінің Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі аралығында көліктер тек оңтүстік бағытта жүретін болады.

Бұдан бөлек, Әуезов ауданындағы Атамекен шағынауданында орналасқан Атамекен көшесінің №103 үйден №108 үйге дейінгі бөлігінде де оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылған.

Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар тасымалы басқармасының түсіндіруінше, бұл шешім Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қабылданған. Негізгі мақсат – көлік жүктемесін азайту, жолдардың өткізу қабілетін арттыру және жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алу.

Мамандар өзгерістерді енгізу кезінде қазіргі көлік ахуалы мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескерілгенін атап өтті.

Әзірге жаңа қозғалыс сызбасы пилоттық режимде жұмыс істейді. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша алдағы шешімдер қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);