Сонымен қатар, 26 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 675 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 172 өрескел бұзушылық бар.
Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
көлік құралын масаң күйде басқару – 11 факт;
көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1 факт;
жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 4 факт;
маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 46 факт;
қауіпсіздік белдігін тақпау – 73 факт;
қарсы қозғалыс жолағына шығу – 8 факт;
көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 29 факт.
Сонымен қатар, 26 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.