Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бір күнге Бухар-жырау бульварындағы қозға...

Алматыда бір күнге Бухар-жырау бульварындағы қозғалыс шектеледі

Әлеумет 17.09.2024, 09:32 979
Алматыда бір күнге Бухар-жырау бульварындағы қозғалыс шектеледі
Сурет: Almaty.tv

Алматыда Бостандық ауданында жылу жүйелерін жөндеуге байланысты Бухар-жырау бульварындағы көлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС-не сілтеме жасап.

2024 жылғы 17 қыркүйекте сағат 22:00-ге дейін Бухар-жырау бульвары бойындағы Байтурсынов пен Марков көшелері аралығында көлік қозғалысы батыс бағытта жабылады. Бұл шектеулер жылу жүйелеріндегі гидравликалық сынақтар кезінде анықталған ақауларды жөндеу үшін енгізіліп отыр. Магистральды жылу желісін жөндеу жұмыстарына 4 арнайы техника және 20 адам жұмылдырылған. Тұтынушылар үшін жылу параметрлері өзгеріссіз қалады. Жолдың асфальт-бетон жабыны жөндеу аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Гидравликалық сынақтар жылу жүйелерінің жабдықтарының жағдайын тексеру және ақауларды анықтау мақсатында, қаладағы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізілуде.

Сынақтар кезінде қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ешқандай дербес әрекеттер жасамаңыз, дереу оқиға орнынан шығып, «Алматы жылу желілері» ЖШС-на 378-06-48 (ішкі 1014), 378-06-62 (ішкі 1013) немесе 109 нөмірлері арқылы хабарласыңыз.

Айта кетейік, қозғалыс шектеулеріне қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнасында @AlmatyJoly, аудандық әкімдіктердің және басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскеден алдын ала айналып өтуді жоспарлауды сұраймыз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бұқар жырау #«Алматы жылу желілері»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.