ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткіз...

Алматыда білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу туралы айтылды

Әлеумет 24.05.2022, 11:13 1,881
Алматыда білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу туралы айтылды
upravlenie-gkh.ru
Алматы қаласы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде осы оқу жылында бекітілген тізім бойынша меншік нысанына...

Алматы қаласы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде осы оқу жылында бекітілген тізім бойынша меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары аттестаттау рәсімінен өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикердің айтуынша, 2022 жылға 186 ұйым (мектепке дейінгі, орта білім беру және ТжКБ ұйымдары) жоспарланған, 87 ұйымда аталған рәсім жүргізілді, оның ішінде 33-і аттестатталмаған, бұл 38 пайызды құрайды, аттестатталмаған ұйымдардың негізгі бөлігі – бұл мектепке дейінгі мекемелер.


Мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының сақталуын бақылау және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарына бармай профилактикалық бақылау  бойынша өткізіледі.


Мемлекеттік аттестаттау аясында оқушылардың білімін бақылау, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы және т.б. көзделеді.



«Әлеуметтік желілерде департаменттің ресми аккаунттары ашылғанына назар аударғым келеді, халықпен жедел кері байланыс орнату және қысқа мерзімде көмек көрсету мақсатында менің және орынбасарымның жеке байланыс телефон нөмірлері жарияланды. Бұл аккаунттар жұмысының нәтижесі жедел сауалнама, уақтылы көмек көрсету болып табылады, бүгінгі күні халықпен қарым-қатынас саласында айтарлықтай жүйелі ілгерілеу байқалады. Департаментте тұрақты негізде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі», - деп атап өтті Г. Ермекбаева.



"Сонымен қатар тегін консультациялық көмек көрсететін bala.gov.kz веб-сайты іске қосылып, бүгінгі күні мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған оқушыларға және олардың ата-анасына көмек көрсетілуде. Балалар және олардың ата-аналары QR-сайтты әр мектепте орнатылған тақтайшадан сканерлеу арқылы «Balaqorgau» сайтына өте алады. Сайтта проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса аласыздар. Сонымен қатар, үлгіні толтырып, маманмен жеке кеңес алуға мүмкіндік бар. 


Балалардың құқықтарын бұзу туралы әрбір жағдай мән-жапсары анықталып, толық шешімін тапқанға дейін бақылауда болады", - деп атап өтті спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,444 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.