ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық во...

Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауы басталды

Алматы 27.09.2025, 09:40 506
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауы басталды
Самат Құсайынов
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан халықаралық байқауға биыл 52 орындаушы...

Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан халықаралық байқауға биыл 52 орындаушы қатысып жатыр.

Бақ сынауға отандық опера әншілерімен қатар Армения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, сондай-ақ Италияда еңбек етіп жүрген Қазақстан мен Украинаның жас таланттары да келді.  

Қазылар алқасының төрайымы – КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. 

Салтанатты шараға Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген де қатысты. Ол Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына ерекше тәнті екенін жеткізіп, өзінің шығармашылық жолындағы жетістіктеріне ұстаздық пен ақыл-кеңестерінің зор ықпал еткенін атап өтті. Әнші конкурсанттарға шабыт тіледі. 

Сахна төрінде байқаудың бұрынғы жеңімпаздары да өнер көрсетті. Олар атақты опералық шығармаларды орындап, көрермендерге бекзаттық өнердің әсерлі атмосферасын сыйлады. 

 

Байқау туралы ақпарат: 

Байқау іріктеу және финалдық кезеңнен тұрады. Барлық тыңдалымдар қазылар алқасы мен көрермен алдында өтеді. Финалға 12–14 қатысушы жолдама алады.  

Жеңімпаздарды беделді атақ, қомақты ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ классикалық, халық және қазақстандық шығармаларды үздік орындағаны үшін арнайы жүлделер күтеді. 

Қатысушылардың өнерін вокалдық өнердің танымал шеберлері кіретін халықаралық қазылар алқасы бағалайды. 

Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы өнер әлемінде көптеген жаңа есімдерді танытты және жас таланттар үшін маңызды бастау алаңына айналды. Оның басты мақсаты – жаңа буынды адамгершілік пен рухани сұлулықта тәрбиелеу, сондай-ақ классикалық халық музыкалық мұрасын сақтау және насихаттау. Бүгінде байқау лауреаттары әлемнің жетекші опера сахналарында табысты өнер көрсетіп, Қазақстанды лайықты дәрежеде танытуда. Сонымен қатар байқаудың географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде екі жыл сайын өткізіліп келеді. Келесі жылы байқауға 25 жыл толады. 

Қатысушыларға қолдау көрсету үшін іріктеу кезеңінің күндері – 26-28 қыркүйек аралығында сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залына келуге болады. 

Финалдық тур 30 қыркүйекте Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.