AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда бейнебақылау камераларынан айласын асырма...

Алматыда бейнебақылау камераларынан айласын асырмақ болған жүргізуші сотталды

Заң мен тəртіп 17.02.2025, 16:32 1,042
Алматыда бейнебақылау камераларынан айласын асырмақ болған жүргізуші сотталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда көлік нөмірін жасырған жүргізуші сотталды.

Алматыда бейнебақылау камераларынан айласын асырмақ болған 27 жастағы Toyota Mark II көлігінің жүргізушісі ұсталып, сот шешімімен әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сүйінбай даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті тоқтатып, тексеру барысында оның алдыңғы нөмірін жасырын механикалық құрылғы арқылы аударып отыратынын анықтады. 

— Қаланың бейнебақылау жүйесі арқылы бұл көлікке назар аудардық. Жүргізуші арнайы пульттің көмегімен мемлекеттік нөмірді аударып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Бұл әрекет өзге жол қозғалысына қатысушылар үшін қасақана қауіп төндірді. Заңсыздықты анықтаған тәртіп сақшылары көлік иесін ұстады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сот шешімімен құқықбұзушы ҚР ӘҚБК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде ол 3 тәулікке қамауға алынып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады және заңсыз әрекеттерден бой тартуға кеңес береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көлік нөмірі #жасыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);