ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда бейімді спортты дамытуға ден қойылды

Алматыда бейімді спортты дамытуға ден қойылды

Алматы 15.01.2026, 14:09 201
Алматыда бейімді спортты дамытуға ден қойылды
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы бейімді спортты дамыту мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың...

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы бейімді спортты дамыту мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау туралы баяндады.

Алматыда бейімді спорт «Алматы» спорт клубының базасында дамып жатыр. Бұл қаладағы осындай жалғыз мемлекеттік мамандандырылған клуб. Қазір мұнда денсаулығында кінәраты бар 756 спортшы жаттығады екен.

8 бөлімше жұмыс істейтін клубта паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, ұлттық және инклюзивті бағыттарды қоса алғанда, спорттың 23 түрі бар. Барлығын білікті мамандар жаттықтырады, сабақтары да тегін өтеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Алматы» клубының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Оларға 438 спорттық атақ беріліп, әртүрлі деңгейдегі 48 жарыста 462 медаль жеңіп алған. Жалпы медаль қоржынында 180 алтын, 142 күміс пен 140 қола жүлде бар. Бұл жүйелі жұмыстың арқасы. 

Маңызды оқиғаның бірі – клубтың 12 өкілінің Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысуы болды. Бұл жарыста алматылық спортшылар 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алып, қаламыз бен елімізді халықаралық аренада әлемге әйгілеп, лайықты түрде танытып қайтты.

Алматыда бейімді спортты одан әрі дамыту мақсатында Алматы қаласының әкімінің тапсырмасымен Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында инклюзивті спорт орталығы да салына бастады. 21 спорт түріне арналған Спорт кешені бір ауысымда 100 адамға дейін қабылдайды.

Жобаның жүзеге асуы паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және инклюзивті спортпен айналысу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, барлық санаттағы спортшыларға жағдай жасап, тең мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2017 жылдан бері Алматыда аутизмнің белгісі бар балаларға арналған тау шаңғысымен бейімді сырғанау жобасы да жүзеге асып келе жатқаны айтылды. Бұл жоба қазір тұрақты сұранысқа ие болып отыр.  

Сабақтар балалардың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әлеуметтену дағдыларын және өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектесіп, олардың жан-жақты дамуы үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырады.

Сөз соңында Дархан Нұрханұлы бейімді спортты дамыту Алматының инклюзивті және қолжетімді спорттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған спорт саясатындағы басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.