ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қой...

Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды

Тұлға 28.12.2025, 15:50 292
Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды
Алматы әкімдігі
Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде Бауыржан Момышұлының ескерткішіне салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті.

Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде Бауыржан Момышұлының ескерткішіне салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті.

Іс-шараға даңқты қолбасшының туыстары, әскери қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, ҰҚК Шекара академиясының курсанттары және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын барысында батыр рухына бір минут үнсіздік жарияланды. 

Рәсімге қатысқан Бауыржан Момышұлы әулетінің мүшесі Зейнеп Ахметова жылы естеліктерімен бөлісті. 

— Марқұм атам бір кезде: «Мен өлгеннен кейін де тірілердің арасында өмір сүретін боламын», — деп айтқан еді. Ол кезде жас болдым, бұл сөздің мәнін толық түсіне бермедім. Ал қазір айналама қарасам, расында да солай екенін көріп отырмын. Бүкіл Қазақстан атама «Халық Қаһарманы» атағы берілгеніне қуанып жатыр. Демек, ол сөздер шын мәнінде көрегендікпен айтылған. Ол расымен де тірілердің арасында өмір сүріп келеді, — деді Зейнеп Ахметова.

Шараға Қазақстанның Еңбек Ері, педагогика саласының ардагері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Миразова да қатысты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағын беруі бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды. Халық оны бұрыннан батыр деп таныған. Ал ресми түрде, құжат жүзінде мойындалуы — аса маңызды әрі тарихи оқиға. Бауыржан Момышұлының еңбегі тек елімізде ғана емес, шетелдерде де жоғары бағаланады, оның әскери тактикасы әлі күнге дейін зерттеліп келеді. Оның артында тек әскери емес, тәрбиелік мұра да қалды. Мен педагог ретінде, 50 жыл ұстаздық еткен адам ретінде айтарым: оның ұлттық құндылықтарға көзқарасы, тәрбиелік ұстанымы — бірегей. Сондықтан Бауыржан Момышұлының әрбір сөзі мен өсиеті мектеп бағдарламасына енуі керек. Өйткені өсіп келе жатқан ұрпақ үшін оның өнегесі айрықша маңызға ие, — деді Аягүл Миразова.

Жиынға академик, Қазақстан ғалымдар одағының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оразалы Сабден де қатысып, Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағының берілуін ұлттық рухты көтеретін маңызды оқиға ретінде бағалады. 

— Бүгін — шын мәнінде айтулы күн. Кеше ғана бүкіл Қазақстан Президент Жарлығымен әлемге танымал батыр Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағы берілгеніне куә болды. Халық «бұл атақ 80 жыл бұрын берілуі керек еді» деп айтып жүр. Дегенмен, кеш болса да, оның берілуі елдің жүрегіне жылу ұялатты. Қазір жастарды қалай тәрбиелеу керек деген мәселе ерекше өзекті. Дәл осы кезеңде Бауыржан Момышұлын қайта танып, оның мұрасына жаңаша көзқараспен қарау қажет. Егер халқымызға зор серпін берген екі тұлғаны айтар болсақ, бірі — Абай, екіншісі — Бауыржан Момышұлы. Абай «жылы жүрек, қайратты ерік, нұрлы ақыл» деп кемел адамды сипаттаса, Бауыржан сол қасиеттерді ерлік жолына бағыттай білді. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы аталып өтуде. Идеологияны сырттан іздеудің қажеті жоқ. Біздің идеологиямыз — Абай мен Бауыржан. Осы екі ұлы тұлғаның даналығы мен ерлігін ұштастыра білсек, қазақ халқы биік белестерге көтеріледі, — деп түйіндеді Оразалы Сабден.

Ресми бөлім аяқталған соң ҰҚК Шекара академиясының курсанттары Бауыржан Момышұлының ескерткіші алдында сап түзеп өтіп, батырға әскери құрмет көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.