AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Батыс кәріз коллекторы құрылысының жаңа к...

Алматыда Батыс кәріз коллекторы құрылысының жаңа кезеңі басталады

Алматы 17.07.2026, 12:28 344
Алматыда Батыс кәріз коллекторы құрылысының жаңа кезеңі басталады

Алматының Наурызбай ауданында Батыс кәріз коллекторы құрылысы жобасының кезекті кезеңі басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты 17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты.

Жоба аясында мердігер ұйым кәріз коллекторын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде аталған учаскеде қозғалыс жұмыстардың орындалу аймағына қарай кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушыларға келетін қолайсыздықты барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Батыс кәріз коллекторы – Алматы қаласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін су бұру жүйесінің сенімділігі артып, қолданыстағы және жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын аудандарды орталықтандырылған кәріз желісіне қосуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға негіз қалайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеуге түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады. Уақытша бұл қолайсыздық құрылыс-монтаж жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);