Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда балаларға психологиялық көмек көрсету мәс...

Алматыда балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі талқыланды

Әлеумет 14.11.2024, 17:49 1,150
Алматыда балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі талқыланды
Фото: Аманат партиясы

Алматыда «AMANAT» партиясының АҚФ Әйелдер қанаты мен қалалық Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен диалог алаңы өтті. Шараның басты тақырыбы – буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға кәсіби психологиялық көмек көрсету мәселесі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алатау және Наурызбай аудандарында өткен жиынға қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларға қажетті қолдау көрсету мақсатында мамандар, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Модератор ретінде Алматы қаласы мәслихатының депутаты әрі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан болды. Ол мектептерде педагог-психологтардың жетіспеушілігін айтып, келесі жылы 200 маманды қосу жоспарланғанын хабарлады.

Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Құттыбайұлы Рахменшиев сенім телефонына түсетін қоңыраулардың 18%-ының суицидалды ойларға қатысты екенін атап өтті. Бұл дерек кәсіби психологиялық көмектің қажеттілігін көрсетеді. Диана Ерлан балалар арасындағы суицид жағдайларының статистикасын бөлісті:

  • 2021 жылы – 13 аяқталған жағдай, 33 әрекет;
  • 2022 жылы – 14 аяқталған жағдай, 17 әрекет;
  • 2023 жылы – 9 аяқталған жағдай, 35 әрекет;
  • 2024 жылдың алғашқы 9 айында – 13 аяқталған жағдай, 37 әрекет.

Өз-өзіне қол жұмсау көрсеткішінің өсуі барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді. Кездесу барысында ата-аналар мен мұғалімдердің балалардағы алаңдаушылық белгілерін байқаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Психиатр отбасылық құндылықтардың, бірлесіп түскі және кешкі ас ішу дәстүрлерінің жоғалып бара жатқанын, соның әсерінен ересектердің балалардағы алаңдаушылық белгілерін байқамайтынын айтты. Ол балалардың өмірдің қиындықтарын сенімді түрде жеңуі үшін қолдау мен мақтау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, мектеп психологтарына өз тәжірибелерінде кездесетін қиындықтарды талқылауға мүмкіндік беріліп, оларға маңызды сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық кеңес #балалар #аманат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.