AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мә...

Алматыда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Заң мен тəртіп 25.03.2022, 06:53 1,776
Алматыда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы қала мектептерінің директорларымен балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесін талқылады.


Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұған дейін шаһардың Алмалы, Алатау және Әуезов аудандарында жұмыс кездесулері өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атап айтқанда, мектеп оқушыларының оқу барысында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бейнеролик көрсету барысында дағдарыс жағдайында оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар, жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдай, мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың, кәмелетке толмағандарға қарсы, оның ішінде олардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстардың, сондай-ақ балалардың өзін-өзі құрту әрекеттерінің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.



Аутодеструктивті мінез-құлық – жаңа құбылыс емес. Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының белгілері көбірек байқалады, көбінесе бұл ұғым суицидтік және өзін-өзі зақымдайтын мінез-құлықты, кейде алкоголь мен нашақорлыққа тәуелділікті білдіреді. Полицейлердің айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана шешуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #мектеп директорлары #суицидтің алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);