ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтеді

Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтеді

Мәдениет 04.09.2023, 10:03 1,107
Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтеді
Сурет: ашық дереккөз
Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында VIII халықаралық BAIQONYR кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында VIII халықаралық BAIQONYR кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Оның басты миссиясы - жас талантты кинематографистерді қолдау.


Әр жылдары Қазақстаннан және жер әлемнің түкпір-түкпірінен: Тбилисиден Якутияға, Ташкенттен Лиссабонға дейін 85 кинематографист BAIQONYR-дың лауреаттары атанған. Биылғы жылы өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығының ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде BAIQONYR-дың президенті Әнуар Кенжебаев "Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығының иегері болды. Бұл фестиваль беделінің өсуінің жарқын көрсеткіші. Фестивальдің тағы бір ерекшелігі - осы жылдар ішінде кинофестиваль мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өткізіліп келеді.



6 қыркүйекте фестиваль Дархан Төлегеновтың "Ағайындылар" фильмімен ашылады. Бұл шығармашылық жолын "Байқоңырдан" бастаған режиссердің толықметражды дебюті. Картина шетелдік фестивальдарда бірнеше марапаттарға ие болды, олардың ішіндегі ең маңыздысы – Германиядағы беделді Oldenburg International Film Festival қазылар алқасының арнайы жүлдесі. Туынды осы жылдың күзінде прокатқа шығады деп күтілуде.



"Дархан Төлегеновтың "Ағайындылар" фильмінен басқа, бізде Михаил Кулунаковтың "Соқпақ" фильмінің конкурстан тыс көрсетілімі болады. Екі режиссер де кезінде біздің қысқаметражды фильмдер байқауына қатысқан. Енді бізге толықметражды дебюттерімен қайта оралып отыр. Менің ойымша, бұл өте жақсы белгі", - дейді Baiqonyr кинофестивалінің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков.



Биылғы жылы сонымен бірге BAIQONYR аясында жеке анимациялық кинофестиваль – ALMATY ANIMATION FESTIVAL өтеді.


Көрермендер "АРМАН" киноорталығында көретін жалпы конкурстық бағдарлама келесідей:


* BAIQONYR фестивалі, оның ішінде халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы (6 елден 18 фильм) және ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы (20 фильм);


* ALMATY ANIMATION FESTIVAL фестивалі, оның ішінде негізгі байқау (21 фильм, 4 ел, сондай-ақ Ресей, Франция және Канада бірлесіп шығарған фильм) және халықаралық студенттік анимациялық фильмдер байқауы (23 туынды).


Конкурстан тыс бағдарлама да қызықты болады деп күтілуде. Кинофестиваль аясында ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына әртүрлі елдерден 20-дан астам маман қатысады. Білім беру бағдарламасы кеңінен ұсынылған: танымал шеберлердің дәрістері, киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, жаңа жобалардың тұсаукесерлері.


Конкурстан тыс бағдарламаның маңызды оқиғасы 8 қыркүйекте өтетін Корей анимациялық кино күні болмақ. Ол корей-қазақ анимациясының үлкен арнайы жобасы аясында өткізіледі. Корей тарапынан серіктес Пучхондағы Халықаралық анимация фестивалі (BIAF).


Іс-шараға Оңтүстік Кореядан анимациялық режиссерлер Ли Сон Ган мен Им Черин келеді. Олар өз жұмыстарын ұсынып, көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар, Черин дәріс оқиды, ал Ли Сон Ган қазақстандық жас авторларға шеберлік сабағын өткізеді.


Кинорежиссерлармен бірге K-pop музыкасының өсіп келе жатқан жұлдызы Пэк А Ён-де келеді, ол фильмдердің бірінде басты кейіпкерді дыбыстаған. K-pop жанрының жанкүйерлерін үлкен тосын сый күтіп тұр – олар Пэк А Ённің екі әнін жанды дауыста тыңдай алады.


Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізіледі.


Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі, «Алматы» телеканалы, «Эльдорадио» және «Жулдыз» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Время» басылымдары, Orda.kz, Baribar.kz, 365info, Global.news.kz, BAQ.kz, QAZ365.kz, PRO Production интернет-порталдары және JAS ONER журналы.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.