ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Алматыда «Baby Carrots» шағын сәбіз шығаратын цех...

Алматыда «Baby Carrots» шағын сәбіз шығаратын цех іске қосылады

Экономика 09.10.2024, 12:35 1,049
Алматыда «Baby Carrots» шағын сәбіз шығаратын цех іске қосылады
Сурет ЖИ көмегімен салынды
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматыда Қазақстандағы алғашқы «Baby Carrots» сортты шағын сәбіз шығаратын цехтың ашылуын қаржыландырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматыда Қазақстандағы алғашқы «Baby Carrots» сортты шағын сәбіз шығаратын цехтың ашылуын қаржыландырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қарыз алушы «Eco Sunny Green» ЖШС-ге бөлінген 124 миллион теңгенің 99 миллионы құрал-жабдық сатып алуға және өндіріс орындарын жөндеуге бағытталса, қалған 25 миллионы айналым қаражатын толықтыруға жұмсалады.

Жоба «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Несие лимитінің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды. Қаржыландыру мерзімі жабдық сатып алу және үй-жайларды жөндеуге – 7 жыл, ал айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жыл.

Шағын сәбіз өндіруге арналған шикізат Алматы және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанның шаруаларынан сатып алынбақ. Цех жылына 3 мың тонна дайын өнім шығаруды жоспарлап отыр, бұл 50% қуаттылықпен жұмыс істеген кездегі көрсеткіш. Өнім жуылған, туралған және оралған күйде 230 және 380 граммдық пакеттерде сатылады.

Қазіргі уақытта «Эко Сани Грин» ЖШС гипермаркеттер мен Алматы қаласындағы жекеменшік мектептермен дайын өнімді сатып алу бойынша келісімдер жасасқан.

«Цех Бостандық ауданында орналасады. Жергілікті өндірісті іске қосу импорттық шағын сәбіз аналогтарын алмастырып, тұтынушыларға арзан бағамен ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 15 жаңа жұмыс орны ашылады және жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі артады», – деді «Almaty Finance» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

Анықтама үшін:
«Baby Carrots» – АҚШ пен Еуропада танымал сәбіз өндірісінің түрі. Бұл өнімнің ерекшелігі – көкөніс қабығы аршылып, жуылып, майдалап туралып, тұтынуға дайын күйде сатылады. Өнім балалар мен ересектер арасында жоғары сұранысқа ие.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.