ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда азық-түлік базарлары мен сауда желілерінд...

Алматыда азық-түлік базарлары мен сауда желілеріндегі «делдалдық сызбаларды» тексеру жөнінде комиссия құрылды

Әлеумет 03.03.2022, 11:38 1,271
Алматыда азық-түлік базарлары мен сауда желілеріндегі «делдалдық сызбаларды» тексеру жөнінде комиссия құрылды
Сурет: ElDala
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен азық-түлік сауда нысандарының өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сауда желілерінің, базарлар мен «үй жанындағы» дүкендердің сөрелеріндегі бағаларға күнделікті мониторинг жүргізілуде. Соңғы аптада көкөніс өнімдеріне бағаның шамалы ауытқуынан басқа, ӘМАТ бағасының күрт өсуі байқалмады, бұл өнімді сақтау шығындарымен байланысты.


Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде. Тиімді тетіктердің бірі «жеңілдетілген» заемдар беру бағдарламасы болып табылады, оның аясында өндірушілер мен сауда желілеріне бағаны ұзақ мерзімге белгілеу үшін пайызсыз «айналымды» қарыздар беріледі. Бүгінде осы бағдарлама аясында жұмыртқа өндіретін ірі «Алсад Қазақстан» ЖШС-мен (нарық үлесінің 30%-ын алады) келісім жасалды, 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін өткізу бағалары бойынша он жұмыртқаның бағасы 400 теңге деңгейінде тіркелді. Келісімнің қолданысқа енуінен бастап жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша оң нәтиже байқалды, яғни он жұмыртқаның бағасы 487-ден 462 теңгеге дейін төмендеді.


Жеңілдетілген заемдар ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін бағаны тұрақтандыру үшін «Магнум» (ӘМАТ 19 атауына 5,7 млрд теңге) және «Тоймарт» (ӘМАТ 12 атауына 430,2 млн теңге) сауда желілеріне берілді. Өнімді алдын ала сатып алу есебінен "Магнум" желісіндегі бөлшек сауда бағасы орташа қалалық бағадан 10-15%-ға төмен. Мысалы, «Магнумда» қанттың бір килосы 265 теңге, ал орташа нарықтық баға 360 тг/кг-ға дейін жетеді. Егін жинау маусымында фермерлерден көкөністерді төмен бағамен сатып алу есебінен маусымаралық кезеңде (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін) сөредегі баға нарықтық бағадан 30%-ға дейін төмен деңгейде тіркелді.


Кеңестің жұмысын қорытындылаған Алматы әкімі Ерболат Досаев басқа сауда желілерінің өкілдерін жеңілдетілген «айналым» қарыздарын берудің қалалық бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ ірі нарық өкілдерін бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу туралы ескертті.


«Делдалдық сызбаларды» тексеру жөнінде комиссия құру туралы шешім қабылданды. Комиссия аясында азық-түлік тауарларын өндірушілер мен жеткізушілерге сараптама жүргізу, қайта сатып алушылар тізбегін анықтау және тыю, ӘМАТ бағаларына мониторингті күшейту, сауда үстемесінің 15%-дан асуы анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті Ерболат Досаев.


Қала басшысының айтуынша, Алматы облысындағы әріптестермен бірлесе отырып, «Алтын Орда» ірі базарында «делдалдық сызбаларды» анықтау бойынша өңіраралық комиссия құрылады, ол жерден мегаполиске 80%-ға дейін көкөніс, жеміс-жидек пен ет жеткізіледі. Басты міндет – азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және инфляциялық процестерді төмендету жөніндегі жұмысты күшейту.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.