AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Азия дауысы» фестивалі қайта өткізіле ба...

Алматыда «Азия дауысы» фестивалі қайта өткізіле бастайды

Әлеумет 13.10.2022, 07:12 1,870
Алматыда «Азия дауысы» фестивалі қайта өткізіле бастайды
Сурет: Voxpopuli.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті. 


Алматы әкімі Ерболат Досаев «Азия дауысы» және басқа да музыкалық фестивальдерді жаңғырту жоспарда бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қала әкімімен кездесуге келген Әуезов ауданы тұрғындарының бірі Алматыда өтетін мәдени іс-шараларға қатысты сұрақ қойды.



«Мен жақында Димаш Құдайбергеннің концертіне бардым. 30 мыңнан астам адам болды, оның жартысы – турист. Осындай концерттердің жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын, осылайша қаланың музыкалық астанаға айналуына мүмкіндік туады – адамдар келеді, жұмыс орындары ашылады. Бізде танымал диджей Иманбек бар, оны да шақыруға болады. Алматының мәдениет пен музыканы дамытуға мүмкіндіктері бар деп ойлаймын», - деді ол.



Ерболат Досаев Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, «Азия дауысы» және басқа да музыкалық фестивальдерді жаңғырту жоспарда бар екенін атап өтті.



«Мәслихат қолдаған Алматы қаласын дамыту бағдарламасында ауқымды жоспарлар бар. Жыл сайын адамдар бізге келуі үшін кем дегенде 30 тұрақты іс-шараны жоспарлап отырмыз. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, «Азия дауысы» және басқа да тарихи қалыптасқан музыкалық фестивальдар мен іс-шараларды жаңғырту көзделген. Димаш Құдайбергеннің концертіне келер болсақ, бұл – Орталық стадионда соңғы 25 жылда алғаш рет жасалған эксперимент. Өте жақсы өтті. «Медеудегі» фестивальды қайтарғымыз келеді. Ұсынысыңызға рахмет!» - деді шаһар басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #фестиваль #Азия дауысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);