Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Азаматтарға арналған үкімет мамандары Көп...

Алматыда Азаматтарға арналған үкімет мамандары Көпфункционалды орталықта қызмет көрсетуде

Әлеумет 07.12.2023, 10:14 1,009
Алматыда Азаматтарға арналған үкімет мамандары Көпфункционалды орталықта қызмет көрсетуде
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы (КҚКО) жұмыс істей бастады.


Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында жүзеге асты.


Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығын ашу - Президентіміздің Бизнес үшін үкімет құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы кезекті қадам. Осыған дейін мұндай орталықтар Астана, Шымкент қалаларында ашылған болатын. Мұнда қаладағы мемлекеттік органдар мен банктердің өкілдері орналасқан. Кәсіпкерлерге  мыңға жуық қызмет түрі көрсетіледі. Кәсіпкерлер барлық қызметтерді бір жерде және бір өтініш бойынша ала алады.



«Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығында ХҚО маманы да қызмет көрсетіп отыр. Ол ашылғалы бері, 10 күн ішінде 1 мыңнан аса қызмет көрсетіп үлгерді. Азаматтар көбіне мемлекеттік қызметтерді онлайн алу бойынша кеңестер алуға жүгінуде. Сонымен қатар Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, Жауапкершілігі шектеулі серіктес ашу, бірінші несие бюросы анықтамаларын алу, электрондық сандық қолтаңба жасату сияқты азаматтарға бизнес жоспарларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетуде.Мұның бәрі кәсіпкерлерді ХҚО-ға барудан босатады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.



Сонымен қатар Орталықта сервистік қызметтер көрсету, халықтың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, барлық кезеңдерде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету тәрізді барлық қызметтерді алуға көмектеседі дейді орталықты ұйымдастырушылар.


Кәсіпкерлерді қолдау көпфункционалды орталығы Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135 мекенжайында орналасқан.


Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден -14.30-ға дейін. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көпфункционалды орталығы #кәсіпкерлер #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.