AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда азаматтардан ақша бопсалады деген күдікке...

Алматыда азаматтардан ақша бопсалады деген күдікке ілінген жалған полицейлер ұсталды

Барлығы 12.09.2025, 12:05 759
Алматыда азаматтардан ақша бопсалады деген күдікке ілінген жалған полицейлер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда азаматтардан ақша бопсалады деген күдікке ілінген жалған полицейлер ұсталды.

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ЖҚАЖ сарбаздарымен бірлесіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, осы сылтаумен азаматтардан ақша талап еткен топты ұстады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден “Полицияға жәрдемдесу отряды” қоғамдық бірлестігінің жалған қызметтік куәліктері, кісендер және ақша қаражаттары тәркіленді. Ұсталғандар өздерін есірткі полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, ақша аударымдары мен қолма-қол қаражат талап еткен. Үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. “Бопсалау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Бұл – биылғы жылы өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған үшінші жағдай. Мұндай деректер қоғамның құқық қорғау органдарына деген сеніміне нұқсан келтіреді, сондықтан біз мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қоямыз. Нағыз полиция қызметкерлері тек заң аясында әрекет етеді. Алматы тұрғындарына үндеу жасаймын: егер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдардың әрекеттеріне күмәндансаңыздар, дереу “102” нөміріне хабарласыңыздар, – деді, Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда, ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінің барлық мән-жайы анықталуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ақша бопсалау #жалған полицейлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);