ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда автокөліктердің шығарындылар нормасына сә...

Алматыда автокөліктердің шығарындылар нормасына сәйкестігі тексерілді

Алматы 05.12.2025, 10:22 340
Алматыда автокөліктердің шығарындылар нормасына сәйкестігі тексерілді
Алматы әкімдігі
Алматыда ауа сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс жалғасуда. Қалалық шығарындылардың шамамен 60 пайызы автокөліктерден шығатындықтан, осы бағытқа ерекше көңіл аударылып отыр. Бұл туралы...

Алматыда ауа сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс жалғасуда. Қалалық шығарындылардың шамамен 60 пайызы автокөліктерден шығатындықтан, осы бағытқа ерекше көңіл аударылып отыр. Бұл туралы қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты. 

Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары аясында экологиялық қызмет мамандары полиция департаментімен бірлесіп жолда рейдтер жүргізуде. «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы зертханалары көлік құралдарының шығарындылар деңгейін оқиға орнында өлшейді.

Айта кетейік, 2025 жылы Eco Almaty және «Ренессанс плюс» компаниясының қызметкерлері 186 мыңнан астам өлшем жүргізіп, 20 мыңға жуық хаттама жасады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 653 млн теңгеден асты.

Жоспар аясында қатты отынды қолданатын қоғамдық тамақтану орындары – кәуапханалар мен моншаларды анықтау бойынша жұмыстар да қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Алматыда «Алматы қаласының аумағында атмосфералық ауаны қорғау саласындағы арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы» жаңа ережелер жобасы әзірленген. Құжат қазір келісу рәсімінен өтіп жатыр. Ереже халық пен бизнеске қолдау шараларын енгізуге, экологиялық технологияға көшуге және автопаркті жаңартуға құқықтық негіз қалыптастырады.

Ережелер қабылданғаннан кейінгі нәтиже жан-жақты болмақ. Негізгі ластаушы ретінде автопарк басты экологиялық бақылауға алынады. Бұрын реттеуге шамалы тартылған III санаттағы кәсіпорындар да жаңа талаптарға бағынады: олар экологиялық нормаларды сақтауға және тексеруден өтуге міндетті. Сонымен қатар ауа сапасын жедел бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг жүйесі құрылып, тұрғындарға ашық деректер ұсынылады. Қалада LEZ аймақтар пайда болады. Бұл көлік қозғалысына экологиялық талаптар енгізілетін аумақтар, олардың мақсаты – ауа ластануын азайту және қалалық ортаны жақсарту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.