AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAV...

Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAVI-отасы сәтті жасалды

Медицина 23.09.2025, 08:52 580 dulatbekova
Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAVI-отасы сәтті жасалды
Сурет: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Тіліксіз жаңа қақпақша: Алматыда ауыр жүрек ауруымен ауыратын үш науқас құтқарылды

Алматы Қалалық кардиологиялық орталықта 3 транскатетерлік аорталық қақпақша имплантациясы (TAVI) сәтті орындалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Мұндай ота - ауыр аорталық стенозды емдеудің заманауи әдісі. Ол қақпақшаны көкірек қуысын ашпай және жүректі тоқтатпай тамыр арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.

Отаны интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Оразбек Сахов Астана қаласындағы UMC Жүрек орталығының жетекші маманы, проктор Абдурашид Мусаевпен бірлесіп жасады.

Ерекше клиникалық жағдай науқас әйелде байқалды: оған бірнеше жыл бұрын митралды қақпақшаны протездеу отасы жасалған болатын. Уақыт өте келе орнатылған қақпақша дұрыс жұмыс істемей қалғандықтан, қайталама араласу қажеттігі туындады. Алайда жүрекке жасалатын қайталама ашық ота әрдайым тіннің тыртықты өзгерісіне және зор қан кету қаупіне байланысты жоғары қауіппен өтеді. Дәрігерлер қақпақшаны TAVI әдісімен ауыстыру туралы шешім қабылдап, жүрекке жарақаттаушы қолжетімдіктен және жалпы наркоздан бас тартуға мүмкіндік алды. Науқас бірнеше күннен кейін-ақ үйіне шығарылды.

Тағы екі науқаста аорталық қақпақшаның аузы 2-3 см² қалыпты көрсеткіштің орнына 0,4 см²-ге дейін тарылған аса қауіпті аорталық стеноз анықталды. Мұндай жағдай ауыр ентігуге, әлсіздікке және физикалық белсендіктің күрт шектелуіне әкелді. Екі жағдайда да тамыр арқылы қақпақша аймағына протез жеткізіліп, ол ашылып, қалыпты қан айналымын қалпына келтірді. Оталар асқынусыз өтті.

TAVI-отасы - қазіргі кардиохирургиядағы маңызды бағыттың бірі. Оның басты артықшылығы - жарақаттың аздығы, қалпына келу мерзімінің қысқаруы және жоғары қауіпке байланысты ашық ота жасауға болмайтын науқастарға көмек көрсету мүмкіндігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аорталық стеноз #TAVI-отасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);