AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Әлеумет 05.12.2022, 17:00 1,120
Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Сурет: Almaty.tv

Жәрмеңкеде Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар мен Еңбекшіқазақ ауданынан келген саудагерлер өнімдерін ұсынды


Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жәрмеңкеде Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар мен Еңбекшіқазақ ауданынан келген саудагерлер өнімдерін ұсынды. Сауда-саттық алаңдары қаланың Медеу, Бостандық, Алмалы, Әуезов, Түрксіб аудандарында құрылды.


«Апта сайын шатырлар қойылады. Төлемақысы - айына 18850 теңге. Арнайы орындықтарын, орнын береміз. Алмалы ауданы жәрмеңкесінде 118 шатыр бар», – деді «Алматы» ӘКК» АҚ бөлім басшысы Ренат Рабатов.


Ауылшаруашылық жәрмеңкесі жыл он екі ай, сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылады. Мұндай базарлық өндірушінің өз өнімін арадағы делдалсыз халыққа тікелей жеткізуі үшін жүзеге асады. Ал қала тұрғындарына картоп пен көкөніс, ет, балық, құс етін, сүт пен шұжық өнімдерін нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан сатып алуға мүмкіндік туды.



«Шаруа қожалығымыз бар. «Келіңіздер, жәрмеңке бар» деп ылғи айтатын. Бүгін тауарымызды алып келдік, көрсетілген бағада сатылып жатыр», – деді саудагер Роза Әбдірайымова.



«Жәрмеңке өте жақсы. Қымбат, арзан демей, жағдайымызға қарай алып жатырмыз. Шөберелеріме әр нәрседен аламын, шүкір Аллаға», – деді қала тұрғыны Зәйтуна Лепісова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);