AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Ауыл» партиясы мен «Қазақ аналары – дәст...

Алматыда «Ауыл» партиясы мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі меморандумға қол қойды

Әлеумет 15.12.2025, 16:02 1,009
Алматыда «Ауыл» партиясы мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі меморандумға қол қойды
сурет: «Ауыл» партиясы

Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалы мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Аналар тағылымы – ел бірлігінің негізі» атты тағылымды кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды AqshamNews.kz тілшісі. 

2025 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай «Аналар тағылымы – ел бірлігінің негізі» атты мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалы Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Басқосу ұлттық құндылықтарды ұлықтау, отбасылық тәрбие мен ананың қоғамдағы рөлін нығайту, сондай-ақ азаматтық бірлікті арттыру мақсатында өтті.

Кездесу барысында тараптар бірлескен әлеуметтік, мәдени және тәрбиелік жобаларды жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастықты дамытуға келісті. Нәтижесінде ресми түрде меморандумға қол қойылып, онда қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдағы әйелдер мен аналардың белсенділігін арттыру сияқты ортақ міндеттер айқындалды.

Іс-шарада «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің ел тарихындағы маңызын атап өтті. Ол ұлттық рух пен дәстүрді сақтауда аналардың және қоғамдық ұйымдардың айрықша орны бар екенін айтып, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің жұмысына жоғары баға берді әрі алдағы уақытта да бірлесе еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар партияның 25 жылдық мерейтойына орай қоғам өміріне белсенді араласып, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге үлес қосып жүрген бірқатар азамат салтанатты түрде марапатталды. Атап айтқанда, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ төрайымы Дәулет Ләйле Ноғайқызы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова, «Егемен Агро» ЖШС құрылтайшысы Дамир Алимкулов және «Паритет» ЖШС қызметкері Қарлығаш Сапарбекова «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл партиясы #Тәуелсіздік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);