AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар...

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Әлеумет 17.04.2026, 20:09 640
Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Әсіресе, құрылыс саласы мен көмірді пайдалану мәселесіне баса назар аударылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық еткен экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесте қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған нақты шаралар топтамасы қаралды.

Кеңес барысында Алматыдағы ауа сапасы әлі де өзекті проблема екені айтылып, оны шешу үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді, өзара үйлестірілген қадамдар қажет екені атап өтілді. Осыған байланысты құрылыс қалдықтарын басқаруды тәртіпке келтіру және экологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейту міндеті қойылды.

Атап айтқанда, Алматы облысында құрылыс қалдықтарын жинау мен өңдеуге арналған арнайы инфрақұрылым қалыптастыру жоспарлануда. Бұл қадам қалдықтарды ретсіз төгудің алдын алып, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, Сонымен қатар құрылыс саласын толық цифрландыру көзделіп отыр, бұл ашықтықты арттырып, бақылау тетіктерін тиімді етеді.

Құрылыс алаңдарындағы экологиялық тәртіп те назардан тыс қалмады. Міндетті талаптардың қатарында аумақтарды жүйелі түрде суару және шаңның пайда болуын азайтатын шараларды қолдану бар. Бұл құрылыс секторының ауа ластануына қосатын үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қалада көмірді пайдалану мәселесі де жеке қарастырылды. Ауаға зиянды шығарындыларды азайту мақсатында көмірдің қалаға жеткізілуін шектеу тетіктері талқылануда. Соның ішінде көмірді сату орындарын қала аумағынан тыс жерлерге көшіру және оны пайдалануды қысқарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Қабылданған және қарастырылып жатқан шаралар ауаның ластану деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Алматыда қалдықтар мен отын ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);