AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты коммунал...

Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Барлығы 08.12.2025, 16:56 662 dulatbekova
Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жауын-шашынға байланысты арнайы техника кезекшілігі күшейтілді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматыда 8-10 желтоқсан аралығында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, сынап бағанасы күрт төмендейді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 см, ал таулы аймақта 15-20 см қар түсуі мүмкін. Циклон өткеннен кейін 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура –13…–15°С-қа дейін төмендейді.

Ауа райының бұзылуына байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылды. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты. 

Тәулік бойы 1000-нан астам арнайы техника мен 2,7 мың жұмысшы жұмылдырылмақ. Еңіс, дөң және өзге де қауіпті учаскеде тайғақты уақытылы анықтап, жою үшін жолға патрульдік бақылау күшейтілді, барлығы 75 жедел бригада кезекшілік етеді. Алматы қаласының Құтқару қызметінің 15 техникасы мен 50 қызметкері, ал Төтенше жағдайлар департаментінің 53 техникасы мен 244 маманы кезекші болуға дайын.

Сонымен қатар қала әкімдігінде, аудан әкімдіктерінде, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасында, «Алматы Тазалық» кәсіпорнында және мердігер ұйымдарда жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауғанға дейін негізгі магистральдарға көктайғаққа қарсы қоспаларды алдын ала себу жоспарланған.

Көктайғақ кезінде жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру, жылдамдықты төмендету, қашықтықты сақтау және шұғыл бұрылмау ұсынылады. Тәжірибесі аз жүргізушілер мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланғаны дұрыс. Жүргіншілерге тайғақ тротуарда барынша сақ болып, биік ғимараттардың маңына жақындамау қажет, шатырдан қар түсу қаупі бар. Қала тұрғындарына жолдарын алдын ала жоспарлап, жылы киіну ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауа райы #қолайсыздық #техника #күшейтілген режим
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);