Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы э...

Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакада құрылысы қашан аяқталады?

Әлеумет 03.02.2023, 16:33 1,023
Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакада құрылысы қашан аяқталады?
Сурет: Almaty.tv

Жолды түгел ашуға әлі мүмкіндік жоқ


Алматы-Бішкек тас жолындағы эстакада құрылысының сағызша созылуы кептеліс тудырып тұр. Осылай шағым айтқан көлік жүргізушілері 4 жолақты жолдың құрылыс кесірінен тарылып қалғанын айтады. Тар жермен сығылып өтетін көліктер салдарынан жиі соқтығысып қалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Сағаттап кептелісте тұрып, сабыры сарқылған жүргізушілер мәселе көпір құрылысында деп шағымдануда. Олар жол ортасына дейін қойылған бағаналардың тұрғанына да ұзақ уақыт болғанын айтты.


«Көпір құрылысы біткен жоқ. Баяғыда бітетін жұмыс ұзаққа созылып кетті. Кептеліс салдарынан жол-көлік оқиғасы жиі болады. Ерте шыққанның өзінде жұмысқа кешігіп барамыз», – деді облыс тұрғыны Олжас Дайырман.



- «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұрамын. Күнде осында келіп, істеген жұмыстарына қарап тұрамын. Арматура тоқудың ешқандай қиындығы жоқ, оған технология керек емес. Жұмысты тым ұзаққа соқып жіберді», – деді қала тұрғыны Аят Малғажын.



Түсірілім кезінде де "Алтын Орда" базары маңындағы бұл тас жолда көліктердің соқтығысып қалғанын байқадық. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, эстакаданы айналып өтетін басқа жол жоқ.


"Алматы-Бішкек тас жолындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешені мен «Алтын Орда» базары арасындағы көлік қозғалысын реттеу оңай емес", - дейді жол патрульдік полициясының қызметкерлері. Олардың айтуынша, ережені сақтамайтын жүргізушілердің кесірінен көліктер де жиі соқтығысып қалады екен.



«Бұл жерде полицияның көмегі ешқандай рөл ойнамайды. Мына жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Көпір салынып жатыр, ар жақтан көлік төрт жолақпен келеді де қысылады. Себебі  бері жағында тек екі жолақпен жүре алады. Кептеліс, күніне 10-нан артық жол-көлік оқиғасы тіркеледі», – деді полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Арнұр Тұрдақынов.



Ал аталған 160 метрлік эстакада құрылысына 77 адам жұмылдырылды деген жауапты компания екі ауысыммен жұмыс істеп жатқандарын айтады. Алайда ауа райына байланысты қиындық туындағанын жасырмады.



«Иә, кептеліс болады. Бетон жасағанда, тек екі жолақты қалдырғанбыз. Қазір жұмыс бітті ғой, енді алып тастағаннан соң кептеліс болмайды.2023 жылы қыркүйек айында жұмыс аяқтаймыз», – деді «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ филиалы директорының орынбасары Нұржан Таңатаров.



Жолды түгел ашуға әлі мүмкіндік жоқ. Бүгіннен бастап темір тіреуіштер шетінен алынып тасталып жатыр. Енді құрылыс толық аяқталғанша, темір тұлпар тізгіндегендер тек екі жолақпен өтуге мәжбүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асыл арман #Эстакада #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.