ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда Астана күніне орай жаңа өнеркәсіп орындар...

Алматыда Астана күніне орай жаңа өнеркәсіп орындары ашылды

Өмір-өзен 03.07.2021, 13:36 2,080
Алматыда Астана күніне орай жаңа өнеркәсіп орындары ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Индустриалды аймаққа 211,7 млрд теңгені құрайтын жобалары бар 54 компания кіреді.

Индустриалды аймаққа 211,7 млрд теңгені құрайтын жобалары бар 54 компания кіреді.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күніне орай Алматы қаласының Индустриалды аймағында жаңа үш өнеркәсіп орны ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Рахат СК» ЖШС мен «Г.С.Г. Высотник» ЖШС автоклавты газбетон өндіру зауыттары әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйдің ірі құрылыс компанияларын сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Өнімдерді шығаруда мемлекеттік стандарттарға  сәйкес жергілікті шикізат қолданылады.



«СК Рахат» ЖШС өндірісінің 1 кезеңінің құрылысына 1,5 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 180 мың текше метр өнім шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 40 жаңа жұмыс орны ашылады. «Г.С.Г. Высотник» ЖШС инвестиция сомасы 1,7 млрд. теңгеден асты. Өндіріс қуаттылығы жылына 100-120 мың текше метрден астам өнім шығарады және 85 жаңа жұмыс орны ашылады.


Астана күніне орай «ADS industries»ЖШС өндіріс паркінің бірінші кезеңі іске қосылды. «ADS industries» ЖШС Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен «Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасына қатысушысы болып табылады.



Компания өндірістік парктің құрылысына шамамен 150 млн.теңге инвестиция құйды. Бірінші кезеңде 1, 5 мың ш.м. енгізілді, онда жеңіл, металл өңдеу және жиһаз өнеркәсібін өндіруші шағын және орта кәсіпкерліктің алты субъектісі ашылады. Өндірістік парктің жалпы алаңы 4, 5 мың ш.м. құрайды, онда 160 жаңа жұмыс орны ашылады.


Еске салсақ, осы жылдың бірінші тоқсанында Индустриалды  аймақта қуаты жылына 25 000 тоннадан астам өнім шығаратын әрі  80 адамды жұмыспен қамтыған «КМК Investment» ЖШС мыс және алюминий сымын шығаратын зауыт ашылған болатын. Жоба құны – 11,3 млрд теңге.



Осы жылдың соңына дейін Алматы қаласының Индустриалды аймағында 7 өнеркәсіп орнын ашу жоспарланып отыр. Оның жалпы сомасы 37,8 млрд теңгені құрайды және 658 адамды жұмыспен қамтиды.


Бүгінде 16 жоба іске асуда. Олардың жалпы сомасы 78,2 млрд теңгені құрайды, 2,5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтыған.



Айта кетерлігі, Индустриалды аймаққа 211,7 млрд теңгені құрайтын жобалары бар 54 компания кіреді, олар 6,2 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.