AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әскери оқу орнының курсанттары қорытынды...

Алматыда әскери оқу орнының курсанттары қорытынды аттестаттауға кірісті

Барлығы 03.06.2025, 12:37 916
Алматыда әскери оқу орнының курсанттары қорытынды аттестаттауға кірісті
Сурет: Gov.kz

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында мемлекеттік емтихандар басталды.

Түлектердің білімі мен дағдыларын объективті, жан-жақты бағалау, олардың қызмет атқаруға дайындығын тексеру үшін институтқа ҚР Қорғаныс министрлігінен комиссия келді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Емтихан сессиясы «Әли» оқу орталығындағы саптық байқаудан басталды. Сымдай тізілген курсанттар алдағы күрделі сынақтарға дайын екендіктерін көрсетті.

– Еліміздің қорғаныс қабілеті жас офицерлерді оқыту сапасына байланысты. Олар – армиямыздың болашағы. Түлектер мұқият дайындықтан өтті. Енді өз білімдерін растайтынына және қойылған міндеттерді лайықты орындайтынына сенімдімін, – деді институт бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин.

Сынақ барысында теориялық білім, практикалық дағдылар, тактикалық ойлау деңгейі және түлектердің ұрысқа барынша жақын жағдайларда салмақты шешім қабылдау қабілеті бағаланады.

Аттестаттау аяқталғаннан кейін дипломды мамандар «лейтенант» алғашқы офицерлік атағын алып, Қарулы күштер қатарында қызметін жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Курсанттар #әскери оқу орны #қорытынды аттестаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);