AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда арық желілерін жаппай тазарту  басталды

Алматыда арық желілерін жаппай тазарту  басталды

Әлеумет 07.02.2023, 09:28 1,612
Алматыда арық желілерін жаппай тазарту  басталды
almaty-akshamy.kz

Күн жылына бастағанда, еріген қар және жаңбыр суларының еш кедергісіз ағып кетуі үшін аудан әкімдіктерінің мердігер кәсіпорындары арық желілерін жаппай тазарту  жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


6 ақпандағы жағдай бойынша, жоспарланған 1329 шақырымның 626 шақырымы қардан, мұздан, лай мен қоқыстан тазартылды. Күн сайын 82 бірлік техника және 299 жұмысшы жұмылдырылуда. Жұмыстар 25-28 ақпанда аяқталады. Еске салсақ, қала аумағында барлығы 1525 шақырым арық желілері бар. 



      


Бұған дейін белгілі болғандай, Алматы қаласы бойынша су басудың негізгі факторы арық желісі жаңбыр мен еріген су ағынына қарсы тұра алмайды, ал коллекторлық-дренаж жүйесі мүлдем жоқ. Сондай-ақ нөсер желілері де жоқ, коллекторлар мен арықтар қоқыстармен бітеліп қалған, кәрізге қосылмаған.


Су тасқынын жою мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша экология және қоршаған орта басқармасы Алматыда жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалатын учаскелерге талдау жүргізді. Нәтижесінде барлығы 102 аймақ анықталды, оның ішінде  56 учаскені су басып қалуы мүмкін. Сондықтан  апатты  қалпына келтіру жұмыстарын дереу жүргізу қажет.




56 учаскедегі су тасқынын жою мәселелерін шешу үшін 12 коллектор мен 4 арна (реконструкциялау және салу) қалпына келтірілуі тиіс. Қала бойынша 2022 жылы апатты қалпына келтіру жұмыстары аясында 72 учаскеде жұмыстар басталды. Оның ішінде бүгінде  63 учаскедегі жұмыстар аяқталды (89%). Осы жұмыстар аясында  ұзындығы 18,7 км 12 су бұру коллекторы қалпына келтірілді, жалпы ұзындығы 11,2 км 8 канал салынды және 2 канал қалпына келтірілді, 7 км арық желілері қайта жаңартылды және салынды, 15 құбырлы өткел реконструкцияланды, 1,4 км өзен арналарының жағалауы күшнйтілді. Жалпы, жұмыстардың 89%-ы орындалды.



Айта кетерлігі, 2022 жылдың күзгі кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша аталған учаскелерде су тасқыны тіркелмеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #арықтар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);