ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда арнайы инклюзивті білім беруді дамыту тур...

Алматыда арнайы инклюзивті білім беруді дамыту туралы айтылды

Білім және ғылым 28.12.2022, 07:20 2,079
Алматыда арнайы инклюзивті білім беруді дамыту туралы айтылды
almaty-akshamy.kz
Өңірлік коммуникациялар брифингі алаңында арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелеріне арналған брифинг өтті. Оған филология ғылымдарының кандидаты, «Арнайы және инклюзивті білім...

Өңірлік коммуникациялар брифингі алаңында арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелеріне арналған брифинг өтті. Оған филология ғылымдарының кандидаты, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту  ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» доценті, аға ғылыми қызметкер Алмагүл Сейсенова қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
 
Спикердің айтуынша, Қазақстанда 462 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – 44, арнайы мектеп ұйымдары – 99, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері – 208, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер – 89, оңалту орталықтары – 13, autism  орталықтары – 9.


Алмагүл Сейсенова 2022 жылы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты педагогтардың республикалық тамыз конференциясының пленарлық секциялық отырысы өткізілгенін еске салды. 



«Орталықтың 30 жылдығына орай арнайы және инклюзивті білім беруде әлемдік деңгейдегі 23 сарапшылардың, жалпы жиыны отандық ғалымдармен қосқанда 35 спикердің  қатысуымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу процессіне енгізу: тарихы, мәселелері және даму болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Халықаралық конференция  барысында 267 ғылыми мақала түсіп, оның 116-сы  арнайы электронды  жинаққа енді», - деді аға ғылыми қызметкер. 



Сонымен қатар орталықтың бастамасымен «e-Ymdau»  тілі бойынша бейне сөздік әзірленді. «e-Ymdau» бейне сөздігінің атауының өзі сөзбе-сөз электронды қимыл деп аударылады. Қазақстанда қолданылатын ым-ишараларды белгілеудің бірлігін көрсетеді. Бейнесөздікті әзірлеу есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен және ересектермен практикалық жұмыста мол тәжірибесі бар ымдау тілінің мамандарының, аудармашыларының белсенді қатысуының арқасында жүзеге асты: Преображенская Наталья Юрьевна, Рыжая Елена Владимировна, Нигматулина Екатерина Мустафаевна, Кемпирбаева Лола Бахтияровна. Сондай-ақ Ахметтаева Каира Диасовича жетекшілігімен бейне сөздіктің электрондық нұсқасын әзірленді. Бейне  сөздіктің сапалық сипаттамалары: ыңғайлылық, тиімділік, ұтқырлық әрі қолжетімділікке ие. Атап өтерлігі, «Арнайы мектептердегі оқу-тәрбие процесінде «e-Ymdau» тілінің бейнесөздігін қолдану» әдістемелік ұсынымдарын Баймуратова Алуа Төлегенқызы (ИАО әдіскері, аға ғылыми қызметкер, пед. кандидаты) әзірледі. Ұсынымдар бейнесөздіктің сипаттамасын қамти отыра, есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептерде оқу-тәрбие процесінде қолданудың ерекшеліктерімен мазмұнын кеңінен аша түседі.


Сондай-ақ, орталықтың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Сейсенова «Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми атаулар мен олардың қазақ және орыс тілдеріндегі баламалары» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижесінде қол жеткен сөздік материалдар дайындады. Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми атаулар мен ұғымдардың ерекшеліктері, оларды қолдану заңдылықтары, бұл бірліктердің қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын зерттеуге арналған. 


Аталмыш тақырыпта жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмысты жүзеге асыру кезінде отандық заңнамада анықталған кемсіту мағынасындағы атаулар іріктеліп, оларға талдау жасалып, жағымды әрі сауатты түрдегі баламалары ұсынылды. Қол жеткен нәтижелер арнайы, инклюзивті және жалпы білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар, ғылыми-практикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаулар құрастырып, дайындау барысында негізге алынуы жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.