ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматыда архившілер конгресі өтеді

Алматыда архившілер конгресі өтеді

Оқиға 17.10.2022, 12:41 1,465
Алматыда архившілер конгресі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі
АҚШ, ЕО, Азия және ТМД-ның 15-ке жуық елдерінен жетекші ғалымдар мен архив ісінің сарапшы мамандары қатысады

АҚШ, ЕО, Азия және ТМД-ның 15-ке жуық елдерінен жетекші ғалымдар мен архив ісінің сарапшы мамандары қатысады


Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің демеуімен 2022 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында «Ашық қоғамға – ашық Архив» I Халықаралық архивистер Конгресін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан әлемнің 200 елінің архившілерін біріктіретін ЮНЕСКО ұйымының құрылымы – Халықаралық архивтер кеңесі басшылығының қолдауымен және қатысуымен кәсіби архив қоғамдастығы іс-шарасын өткізетін ТМД елдеріндегі алғашқы мемлекет болды.


Іс-шараның мақсаты – тарихты сақтаушылардың кәсіби қоғамдастығының өзара іс-қимылы мен сындарлы диалогы үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық келіссөз алаңын құру, тарихи-мәдени және деректі мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды, шешімдерді талқылау және қабылдау, архивті дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыру, жобаларды іске асыру және үздік архивтік тәжірибелерді тираждау.


Конгресс аясында мәдениет, өнер, әдебиет, ғылым және білім арқылы қоғам үшін архивтік құжаттардың рөлі мен маңызын ашатын тақырыптық алаңдар (архивтік пікірталас курстар) ұйымдастырылатын болады. Архивтік лекторийлер форматында шақырылған негізгі спикерлердің сөз сөйлеуімен кәсіби сессиялар жоспарланған және олардың қорытындысы бойынша ашық талқылаулар өтеді.


Конгреске спикерлер ретінде отандық архившілер мен зиялы қауым өкілдерімен қатар АҚШ, ЕО, Азия және ТМД-ның 15-ке жуық елдерінен жетекші ғалымдар мен архив ісінің сарапшы мамандары қатысады. 


Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай.


2022 жылдың 19 қазаны сағат 10.00-де (Астана қ. уақытымен, GMT +6) Халықаралық архившілердің Конгресінің ресми ашылу рәсімі өтеді. Ашылу салтанатына ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Алматы қаласының әкімдігі, шетелдік және отандық архив мекемелерінің басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.