Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда аптап ыстықтан дәрігер көмегіне жүгінгенд...

Алматыда аптап ыстықтан дәрігер көмегіне жүгінгендер саны күрт көбейген

Әлеумет 09.06.2023, 08:23 886
Алматыда аптап ыстықтан дәрігер көмегіне жүгінгендер саны күрт көбейген
Сурет: Zakon.kz

Аптап ыстық алқымнан ала түсті. 


Орта есеппен алсғанда,  бір Алматының өзінде дәрігерлерге хабарласатындардың саны 200 адамға артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Almaty.tv арнасы таратқан ақпаратқа жүгінсек, қалыпты күндерде жедел жәрдем пультіне 1800-ге тарта қоңырау түседі екен. Бұл – бір күндік көрсеткіш. Қазір көмек сұрап хабарласатындар, орта есеппен алсақ, 2000-ға жетіпті.


Әрине, мұның бәрі ыстықтан зардап көріп жатқандар емес. Дегенмен "тымырсық ауада тынысы тарылып, есінен танатындар көп" дейді дәрігер. Ал күннің ыстығы жүрек-қан тамыр жүйесінде ақауы барлар үшін тіптен қауіпті.



«Күннің ыстығы құлақтағы дыбысқа әсер етіп, беттің қызаруы, есінен танып қалу, құсуға дейін алып барады. Соған байланысты, шақырту өте көп. Алдыңғы күндері 10-12 шақырту болса, қазір 200-ге дейін барады. Бір күнде бір бригаданың өзінде 20 шақырту келіп жатыр», – деді жедел жәрдем стансасының дәрігері Ақжан Бадаев.



Жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіндердің көбі – орта жастан асқан азаматтар. Күн сәулесі өткенінің алғашқы белгісі ретінде дәрігерлер шаршау мен бастың айналуын атап көрсетеді. Жүрек айныған жағдайда да қауіптің барын ескерген жөн.


Ескерер бір жайт бар: күн өткенінің симптомдары кейде инсульт пен аллергияның белгілеріне ұқсауы мүмкін. Сондықтан әлсіздік болса, үй жағдайында ем қабылдап, өз бетінше диагноз қоюға болмайды.




"Көшеде, күн астында ұзақ жүруге болмайды. Күн сәулесі тіке түссе, көру қабілетінің бұзылу қаупі бар. Сондықтан көзілдірік, бас киім сынды қарапайым қорғаныс құралдарын тастамаған жөн. Біз аптап ыстықта аппақ киім кию керек екенін жиі айтамыз. Оның үстіне суды көбірек ішкен абзал. Ал жүрек жұмысында ақауы бар адамдардың мүлдем сыртқа шықпағаны дұрыс", – дейді жедел жәрдем стансасы бөлімінің аға дәрігері Айгүл Ерманова.



Синоптиктер "Алматыдағы аптап ыстық 41 градусқа дейін барады" дейді. Алдағы аптада байқалатын мұндай ауа райы елдің басым бөлігінде сақталмақ. Сондықтан қарапайым ереженің өмір қауіпсіздігіне әсер ететінін ұмытпаған жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Аптап #дәрігерге жүгінгендер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.