AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда аорта протездеу бойынша сирек әрі күрделі...

Алматыда аорта протездеу бойынша сирек әрі күрделі операция сәтті өтті

Медицина 20.11.2025, 10:38 751
Алматыда аорта протездеу бойынша сирек әрі күрделі операция сәтті өтті
Сурет: Gov.kz

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында аортаның қабаттанып жарылуы диагнозы қойылған пациентке аса күрделі операция сәтті жасалды. Бұл – кардиохирургиядағы ең өмірге қауіпті жағдайлардың бірі, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Пациент 2020 жылы аортакоронарлық шунттау операциясын басынан өткерген. Арада бірнеше жыл өткен соң оның жағдайы қайтадан күрт нашарлап, аортаның қабаттанып жарылуы пайда болды, ол аортаның жыртылуына алып келген. Мұндай жағдайда әр минут шешуші рөл атқарады.

Аортаның жыртылуы – шұғыл араласуды талап ететін ең ауыр диагноздардың бірі. Екіншіден, бұл — бұрын шунттау жасалғаннан кейінгі ашық жүрекке қайталама операция. Мұндай жағдайларда тіндердің өзгеруі, жабыспалардың болуы өмірлік маңызды құрылымдарды ажыратуды өте қиындатады.

Кардиохирургтар жасанды қанайналым аппаратын қолдана отырып, пациенттің қанайналымын толық бақылауда ұстап, шамамен бес сағат бойы жұмыс істеді.

Операция барысында мамандар аортаның зақымданған бөлігін алып тастап, оның тұтастығын жасанды тамыр протезі арқылы қалпына келтірді.

Операцияны: кардиохирургтар, кардиологтар, анестезиолог-реаниматологтар, перфузиологтар және операциялық мейіргерлерден тұратын мультидисциплиналық команда жүргізді.

Команданың үйлесімді жұмысының арқасында пациентке сәтті оперция жасалды.

Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің бақылауында, оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

«Әрбір мұндай операция – өмір үшін күрес. Біз жағдай қаншалықты ауыр көрінсе де, пациентке мүмкіндік беру үшін заманауи кардиохирургияның барлық мүмкіндіктерін қолданамыз», – деді қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #күрделі ота #аорта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);