ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Антикордың бір жылғы жұмысы қорытындыланд...

Алматыда Антикордың бір жылғы жұмысы қорытындыланды

Әлеумет 20.12.2024, 11:53 1,018
Алматыда Антикордың бір жылғы жұмысы қорытындыланды
Өңірлік коммуникациялар қызметі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу...

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы Алматының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 мониторинг және 5 сыртқы талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша экономика, құрылыс және мемлекеттік мүлікті басқару сияқты негізгі салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін 82 ұсыным әзірленді.

Қабылданған шаралардың арқасында 7 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға мүмкіндік туды. «Алматы Арена» және «Халық Арена» спорт нысандарын мемлекеттік басқаруға қайтару бойынша іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысы аяқталды, оның ішінде Бостандық ауданындағы 135 орындық жаңа балабақша бар.

Қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Негізгі жетістіктердің бірі iOS және Android операциялық жүйелері бар құрылғыларда сәтті сыналған «Mass Alert» жаппай ерте ескерту жүйесін енгізу болды. Жүйе жер сілкінісі кезінде ғана емес, басқа төтенше жағдайларда, соның ішінде террористік қауіп кезінде де қолданылады.

Тапсыру мерзімі орындалмаған және жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жалғасуда. Әлеуметтік маңызы бар бес нысанды сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде, олардың үшеуі ағымдағы жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында аяқталды, ал екеуі құрылыс сатысында тұр.

Атап айтқанда, №21 гимназия аумағында орналасқан 120 орындық балабақша пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2018 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған. Іске асырылған алдын алу шаралары мен техникалық шешімдердің арқасында жаңа балабақша енді Бостандық ауданынан 135 баланы қабылдауға дайын.

 «Шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Бизнеске жол» жобасы аясында 685 кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деді А. Рахимов.

Сондай-ақ, қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бір жыл ішінде 270 мыңнан астам адамды қамтыған 533 іс-шара өткізілді.

Биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар туралы ақпарат бергені үшін 9 адам көтермеленді. Олардың алтауы жалпы сомасы 5,2 млн теңгеге ақшалай сыйақылармен марапатталды.

 «Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу жүйесі қоғамдық сенімді нығайтады және жыл сайын көбірек қолдау алуда», - деп қорытындылады спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.