ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда анадан балаға АИТВ берілу көрсеткіші нөлд...

Алматыда анадан балаға АИТВ берілу көрсеткіші нөлдік деңгейге жетті

Алматы 10.11.2025, 17:31 400
Алматыда анадан балаға АИТВ берілу көрсеткіші нөлдік деңгейге жетті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 2025 жылы жаңа туған нәрестелер арасында АИТВ жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматыда 2025 жылы жаңа туған нәрестелер арасында АИТВ жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл маңызды көрсеткіш жүкті әйелдер мен шақалақтар арасындағы АИТВ-ның алдын алу шараларының тиімділігін дәлелдейді.

АИТВ-ның тік (анадан балаға) жұғуының алдын алу медицина қызметкерлеріне вирусты тиімді бақылауға, ал АИТВ-мен ауыратын әйелдерге дені сау бала тууға мүмкіндік береді.

Қазақстанда әйелдер консультацияларында есепте тұрған барлық жүкті әйел екі рет жоспарлы түрде тексеріледі. Бұл АИТВ инфекциясын ерте анықтап, дер кезінде емдеуді бастауға жол ашады. 

«Алматыда АИТВ-мен ауыратын барлық жүкті әйел мен жаңа туған  сәбилер профилактикалық еммен толық қамтылған. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаған жағдайда балаға вирустың берілу қаупі нөлге дейін азаяды», - дейді Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Төкеев. 

Вирус жүктемесі төмен әйелдер өздігінен босана алады, ал вирус жүктемесі жоғары болған жағдайда кесарь тілігі жасалады.

Шақалақ дүниеге келгеннен кейін бірден оғансироп түріндегі дәрілер беріліп, арнайы профилактикалық ем тағайындалады. Бала 1,5-2 жасқа дейін ЖИТС орталығы мамандарының бақылауында болады және алғашқы жылында медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары арқылы тегін сүт қоспаларымен қамтамасыз етіледі. 

Осы кезеңде бала бірнеше рет АИТВ-ға тексеріледі. Егер 18 айға дейінгі барлық нәтиже теріс болса, ол ресми түрде есептен шығарылып, дені сау деп танылады.

2025 жылдың басынан бастап АИТВ-мен перинаталдық байланысы бар 66 бала «дені сау» диагнозымен есептен шығарылды.

Мамандар жүкті әйелдердің антиретровирустық терапияны қабылдауға деген жауапкершілігі артқанын да айтады. Бұған инфекционист, педиатр, гинеколог, психолог, учаскелік медбике және әлеуметтік қызметкерден құралған мобильді бригадалар жұмыс істейтін көпсалалы тәсілдің енгізілуі әсер етті. Сондай-ақ, заманауи антиретровирустық терапияның тиімділігі жоғары жаңа схемалары — тәулігіне бір рет қабылданатын біріктірілген препараттар да маңызды рөл атқарды. 

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Алматыда АИТВ-ның алдын алу және АИТВ-ға шалдыққан адамдарға қатысты стигманы азайту мақсатында түрлі акциялар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар мен ағартушылық іс-шаралары өтеді.

Науқан аясында «Сын-қатерден – АИТВ-ға қарсы жауап» атауымен науқан аясында спорттық іс-шара көрермендері, ұйым қызметкерлері мен студенттер арасында АИТВ-ға жедел тестілеумен науқандар өткізіледі. 

Сондай-ақ, АИТВ туралы мифтерді сейілту және АИТВ-ға ауыратын жасөспірімдер мен жастарды қолдау үшін жанды диалог форматында «ВИЧеринка» интерактивті жастар іс-шарасы өтеді.

АИТВ-мен ауыратын адамдар үшін дерматолог, маммолог, фтизиатр және онколог мамандардың кеңесу ұйымдастырылады.
21 қараша күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында ашық есік күні өтеді. Онда әрбір адам дәрігерлерден кеңес алып, АИТВ-ға тексеріле алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.