AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламас...

Алматыда AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы іске асырылу қорытындылары қаралды

Саясат 13.04.2022, 12:36 1,600
Алматыда AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы іске асырылу қорытындылары қаралды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Партияның Алматы қалалық филиалында AMANAT фракциясының отырысы өтті.


Жиында қала басшылығының Жол картасын жүзеге асыру бойынша есебі тыңдалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Фракция жұмысына қалалық филиалдың атқарушы хатшысы М. Отыншиев, Алматы қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Л. Ибрагимова, депутаттық фракция мүшелері мен аудандық филиалдардың төрағалары-аудан әкімдері, сондай-ақ мегаполистің мемлекеттік органдарының басшылары және т.б. қатысты.



Қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мегаполисте әлеуметтік, инженерлік, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылуда, олардың орындалуы депутаттардың, Бюро мүшелерінің және партия филиалы Саяси кеңесінің бақылауында.



Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Алматы қаласында 2021 жылы 79 балабақша ашылды, Алатау және Наурызбай аудандарында 5,1 мың орындық 3 мектептің құрылысы аяқталды, мектептерге 8 мың орындық 16 қосымша құрылыс салынды.



«Шетсіз қала» бағыты бойынша да жұмыстар жалғасуда. Осылайша, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 98,5%-ға дейін жеткізілді, ал газбен жабдықтауға қол жеткізу 99,2%-ды құрады. Бұдан бөлек, жеке сектордағы 2 мыңнан астам үй табиғи газға көшірілді.



Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру барысы қаралды. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесіндегі жол айрығы аяқталып, Абай даңғылы бойынша қозғалыс ашылды. Сондай-ақ, өткен жылы Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 8 шағынауданында 65 км жаңа жол салынды. Ұзындығы 201 км 206 көшеге орташа жөндеу жұмыстары қамтылды.


Сонымен қатар, отырыста қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев өңірлік қоғамдық кеңестердің санын 11-ден 8-ге дейін оңтайландыру туралы хабарлап, жаңа төрағаларды таныстырды.


Сонымен, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесті депутат Қайрат Құдайберген, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті Рахат Шимашева, Өңірлік даму және экология мәселелері жөніндегі кеңесті Шухрад Шардинов, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесті Болат Садықов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесін Ерболат Қасымов басқарды. Ал қалған үш кеңестің басшылары өз жұмыстарын жаңа құраммен және бекітілген жылдық жұмыс жоспарының жобасымен жалғастыратын болады.


Отырыс барысында проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Өз кезегінде, партияның қалалық филиалы барлық сайлауалды уәделерінің уақытылы орындалуын бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #аманат #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);