AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «AMANAT» партиясының қалалық штабының ашы...

Алматыда «AMANAT» партиясының қалалық штабының ашылуы өтті

Әлеумет 06.05.2022, 13:49 1,785
Алматыда «AMANAT» партиясының қалалық штабының ашылуы өтті
Сурет: Партия

Бүгін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция байланысы арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін партияның республикалық штабының алғашқы жиынын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жиын барысында Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөніндегі «AMANAT» партиясының мәлімдемесін жариялады.


«Президент Қазақстан халқына жариялаған биылғы Жолдауында ауқымды саяси реформалар ұсынды. Бұл реформалардың мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, суперпрезиденттік басқару формасынан Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейген саяси жүйеге көшу, демократиялық процестер қарқынын үдету, елдегі бірлік пен ынтымақты арттыру», - делінген мәлімдемеде.


Партия Төрағасы ауқымды реформалар сайлау, партиялық және сот-құқықтық жүйесін, аумақтық-территориялық құрылымы мен мемлекеттік биліктің бөліну принципін түбегейлі өзгертетінін атап өтті. Оның айтуынша, бүкілхалықтық референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетіп отыр, сондықтан партия барлық күш-жігерін конституциялық реформаны қоғамдық қолдауды ұйымдастыруға бағыттауға дайын.


Өз кезегінде, партияның Алматы қалалық штабының ашылуы өтіп, оның құрамына мегаполистегі беделді деген 55 аманаттық мүше болды. Штаб басшысының міндеті партия қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиевке жүктелді. Оның айтуынша, «Жаңа - Әділетті Қазақстанның» дамуы үшін референдумды өткізу тағдыршешті қадам.


«Мемлекет басшысы жария еткен алдағы референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістерді ел жұртшылығына түсіндіру мақсатында «AMANAT» партиясы республикалық Штаб құрған болатын. Оның құрамына біздің Алматыдан 9 белсендіміз еніп отыр. Олардың қатарында мәслихат депутаттары Ж.Абдумәлік, Қ.Сәрсенбай, М.Грачев, А.Көбеева, Ә.Нәбиев, партия жанындағы саяси кеңес пен бюро және аймақтық кеңес мүшелері Т.Балықбаев, К. Матыжанов, Ш.Жаманбалаева және А.Ерниязова бар. Сондай-ақ, жұмысты жандандыру мақсатын баса назарға ала отырып, штабтың басқа мүшелері әр ауданда жұмыс жасайтындай 8 топқа бөлуге шешім қабылданды»,- деді қалалық партия штабының басшысы Мейіржан Отыншиев.


Жалпы, ақпараттық-түсіндіру жұмысына Мәжіліс пен қалалық мәслихаттағы фракция депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері және партияның жастар қанаты белсенді атсалысатын болады. Жиын соңында штабтың жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берілді.


Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы 5 маусымда республикалық референдумды өткізу туралы Жарлыққа қол қойған.


Ақпараттық материал «Республикалық референдум жөніндегі» ҚР Заңының  7 бабы 2 тармағы бойынша «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының тапсырысымен шықты, жауапты тұлға М. Б. Отыншиев. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Amanat #партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);