Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алтын құймасына сұраныс жоғары

Алматыда алтын құймасына сұраныс жоғары

Әлеумет 27.02.2023, 11:41 1,014
Алматыда алтын құймасына сұраныс  жоғары
Сурет: Еgemen.kz

 Астана мен Атырау да осы қатарда.


Ұлттық Банктің мәлімдеуінше, қаңтарда 2300-ден астам алтын құймасы сатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2023 жылдың қаңтар айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 79,5 келі 2 364 алтын құйма сатылған.


Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,9 тонна 115 209 алтын құйма сатылды.



"Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 29 723 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 25 538 дана (22%), 100 грамдық құйма – 23 460 дана (20%), 20 грамдық құйма – 23 131 дана (20%), және 50 граммдық құйма – 13 357 дана (12%). Алтын құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында көп сатылады", – деп жазылған Ұлттық Банк таратқан хабарламада.



Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, құймаларды кері сатып ала алады.


Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген пунктер жалпы салмағы 484,6 келі 19 228 алтын құйманы кері сатып алды, бұл – жалпы сатылған құймалардың 17%-ы. Кері сатып алынған құймалардың барлығы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы халыққа сатылады.



"Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қораппен шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыппен сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз", – деп хабарлады ҰБ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын #Құйма #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.