AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алты рұқсат етілмеген қоқыс орны анықтал...

Алматыда алты рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Әлеумет 30.06.2023, 06:54 1,114
Алматыда  алты рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 2023 жылы ғарыштан түсірілген суреттердің көмегімен 6 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды


Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта олардың барлығы  жойылды. Өткен жылы 12 рұқсат етілмеген қалдықтар орны анықталды, олар да алынып тасталды және кінәлілер жазаланды.  ӨКҚ брифингінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мегаполистің экологтары егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«ҚазақстанҒарышСапары «ҰК» АҚ Геосервисінің деректеріне сәйкес Алматы қаласының аумағында 2022 жылы 12 рұқсат етілмеген түрмыстық және құрылыс қалдықтар орны анықталды, сонының ішінде Медеу ауданында  рұқсат етілмеген қалдықтар орны 8 нүкте, Түрксіб ауданында 2 нүкте, Алатау ауданында 2 нүкте тіркелді,   жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 12 орын тазаланып шығарылды. «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК» АҚ геосервисіндегі жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда», - Алматы қаласы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов. 




Журналистің сұрағына жауап бере отырып, Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Нұржан Бөлекбаев Алматыда әртүрлі жылдары қалдықтарды жинайтын орындардың саны анықталғанын айтты.



«Геосервистің деректеріне сәйкес 2019 жылы Алматыда 86 рұқсат етілмеген қалдықтар орны тіркелген, олар негізінен қалаға жаңадан қосылған аумақтардан табылған. Апаттық полигондар қоқыс шығаратын компаниялар мен қоқыс шығарумен айналысатын жеке тұлғалардың жосықсыз жұмысынан пайда болады. Зерттеу нәтижелері бойынша департамент әкімдерге хат жолдады, сондықтан бүгінгі күні барлығы жойылды», - деп бөлісті ол.



2020 жылы Алматыда 24 рұқсат етілмеген қалдықтар орны, 2021 жылы - 17 орын тіркелді. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың күштерімен жойылды деп айтылады. 



Сонымен қатар, Департамент апта сайын Алматы қаласының аудандары бойынша әкімдіктермен бірлесіп рейдтер өткізеді және стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауда. 


Департамент егер тұрғындар орынсыз жерде қоқыс шығарылғанына куә болса немесе қоқыс тастайтын жерлерді тапса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу қажет екенін хабарлады: 239-11-03, 239-11-05.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоқыс #полигон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);