AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

Әлеумет 04.03.2024, 04:07 1,371
Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда қала тұрғындарының мобилділігін арттыру мақсатында көше-жол желісін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық мобилділік басқармасы ішкі магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстарының барысы жайлы хабарлады.


Бүгінде Төле би көшесін Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту бойынша жер телімдерін сатып алуға байланысты жол-құрылыс жұмыстары және инженерлік желілерді қайта құру жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 4,5 км жоба екі учаскеге бөлінген. Жұмыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. 



  • Биыл ұзындығы 4,3 км болатын Хмельницкий көшесін «Қайрат» шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін ұзарту және Райымбек даңғылын Жетісу көшесінен Талғар тас жолына дейін ұзартып салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған. 

  • Сонымен қатар, биыл ұзындығы 0,6 км болатын Мұқанов көшесін Райымбек даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін ұзарту жұмыстары басталады. Осы аумақтар бойынша жобалық құжаттама әзірленіп, сараптамада жатыр.

  • Жер телімінің алынуына қарай Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 3,9 км болатын 2 кезек қарастырылған. Аяқталу мерзімі - 2026 жылдың соңына дейін.

  • Бұған қоса, биыл ұзындығы 0,3 км болатын Оңғарсынова көшесін Райымбек даңғылына дейін ұзару жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басқарма осы жылдың соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық ашудың жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Биылғы жылдың 3-тоқсанында Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысында жолайырықты пайдалануға беру көзделген. Сонымен бірге, жыл соңына дейін Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);