AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Almaty Students Week акциясы басталады

Алматыда Almaty Students Week акциясы басталады

Әлеумет 11.11.2024, 12:09 821 Bakyt
Алматыда Almaty Students Week акциясы басталады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Almaty Students Week акциясының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Негізгі спикерлер ретінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайыров және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттік омбудсмені Нұрбақыт Әлібек қатысты. 

Нұрсұлтан Бекқайыров атап өткендей, Алматы - Қазақстанның ең ірі студенттік орталығы, онда 199 мыңнан астам студентті оқытатын 35 ЖОО орналасқан, оның 124 мыңнан астамы — өзге қалалардан келгендер.

Жыл сайын, 17 қарашада бүкіл әлемде 1946 жылы Дүниежүзілік студенттер конгресінде құрылған Халықаралық студенттер күні атап өтіледі. Осы күн қарсаңында, 11-17 қараша аралығында Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы Almaty Students Week фестивалін өткізеді.

«Фестивальдің мақсаты - студенттер үшін белсенді және қолдаушы орта құру, талантты жастар мен болашақ пікір көшбасшыларын анықтау. Фестиваль сонымен қатар университетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және әртүрлі факультеттер мен оқу орындарының студенттері арасында достық және іскерлік байланыстар құруға бағытталған. Білім мен идеялармен алмасуға арналған мұндай платформа кәсіпқойлардың жаңа буынын қалыптастыра отырып, бірлескен жобалар мен бастамалар үшін негіз бола алады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Беккайыров.

«Almaty Students Week» негізгі аспектісі - студент жастардың бірлігі және патриоттық рухын тәрбиелеу. Фестиваль аясында 17 мыңнан астам жасты қамтитын 30 түрлі іс-шара өтеді.

«Almaty Students Week» — бұл жай ғана мереке емес, қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешуге дайын және елдің дамуына елеулі үлес қоса алатын неғұрлым белсенді және ұйымшыл студенттер қауымдастығын құру жолындағы маңызды қадам», - деп қорытындылады Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттік омбудсмені Нұрбақыт Әлібек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #Almaty Students Week
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);