ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Алмалы және Жетісу аудандарында жаңа сауд...

Алматыда Алмалы және Жетісу аудандарында жаңа сауда алаңдары ашылады

Алматы 01.08.2025, 17:09 665
Алматыда Алмалы және Жетісу аудандарында жаңа сауда алаңдары ашылады
сурет: Алматы әкімдігі
Демалыс күнгі жәрмеңкелердің ұйымдастырушысы — «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы («Алматы» ӘКК) — бұл игі бастаманың аясын одан әрі ұлғайтып, қаланың әр түкпірін қамтып келеді, - деп...

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер желісі кеңейіп, Алмалы және Жетісу аудандарында жаңа сауда алаңдары ашылады. Демалыс күнгі жәрмеңкелердің ұйымдастырушысы — «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы («Алматы» ӘКК) — бұл игі бастаманың аясын одан әрі ұлғайтып, қаланың әр түкпірін қамтып келеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Тамыз айынан бастап Алмалы ауданында жаңа жәрмеңке алаңы жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, Жетісу ауданында да жаңа сауда орны ашылады.

Бүгінде демалыс күнгі жәрмеңкелер Алматының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу және Алатау сынды бес ауданында тұрақты түрде өтіп келеді. Жаңа алаңдардың іске қосылуы қала тұрғындарына фермерлер мен жергілікті өндірушілерден табиғи әрі жаңа өнімдерді делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жәрмеңкелерге 328 ауыл шаруашылығы өндірушісі өнімдерін ұсынып отыр. Мұнда жаңа піскен көкөністер мен жемістерден бастап, ет және сүт өнімдері, нан-тоқаш бұйымдары, бал, кептірілген жемістер мен ара шаруашылығы өнімдеріне дейін мол таңдау бар.

Барлық өнім Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарындағы фермерлік және жеке шаруашылықтардан, сондай-ақ, Алматының жеткізушілерінен келіп түседі.

Орта есеппен алғанда, бір демалыс күнінде жәрмеңкелерде 800 тоннадан астам өнім саудаланады. Сауда сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:
• Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би және Гоголь көшелерінің арасы);
• Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылының төменгі жағында);
• Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы (әл-Фараби даңғылының жоғарғы беткейінде);
• Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары мен Бектұров көшесінің қиылысы;
• Алатау ауданы — «Мәдениет» тұрғын үй кешені.

Жәрмеңкелерді апта сайын 45 мыңнан астам алматылық пен қала қонақтары келеді.

Демалыс күнгі жәрмеңкелерде өз өнімін жаңа ұсынғысы келетіндер +7 701 555 5457 нөміріне (Әнуар) хабарласа алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.