Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алимент төлемей жүрген 16 мыңға жуық адам...

Алматыда алимент төлемей жүрген 16 мыңға жуық адам бар

Әлеумет 18.09.2023, 06:41 1,020
Алматыда алимент төлемей жүрген 16 мыңға жуық адам бар
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазіргі уақытта Алматы қаласының сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 16 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Оның  60% - дан астамы мерзімді өндіріп алу барысында, деп айтты ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері.



«Сондай-ақ, борышкерлер алиментті өз бетінше төлейтін атқарушылық іс жүргізулер де бар. Алайда, сот шешімдерін, соның ішінде алимент бойынша шешімдерді орындау көптеген қиындықтармен байланысты, мысалы, борышкердің қолма-қол ақшасының болмауы, жауапкердің тұрғылықты жерін белгілемеу, тұрақты жұмыс орнының болмауы, өндіріп алуға болатын мүлік және т.б», - деді Алматы қаласы Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысы Әнуар Жексеков.



Алимент төлеуді қамтамасыз ету үшін борышкерлерді жұмысқа орналастыру қажет. Осы мақсатта мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.


Осылайша, 2023 жылы алимент бойынша борышкерлер үшін 4 Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 320 жұмыс орнына ашық бос жұмыс орындары бар 15-тен астам ірі компания (мысалы, Forte Bank, Sulpak, Helios, Рамс Қазақстан және т.б.) шақырылды.


Ағымдағы жылы Департамент барлығы 78 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартты, 5 тәулікке дейін 81 әкімшілік қамау жазасы қолданылды. Алимент бойынша 4 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.



«Алимент өндіріп алу бойынша барлық қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, борышкерлер 50 млн.теңгеден астам берешек төледі, осылайша Департамент сот актілерін орындау жөніндегі міндеттерді шешіп, алдағы уақытта да істердің әлеуметтік маңызды санаттарын нақты орындау үшін жұмыс істейтін болады», - деді спикер.



2023 жылы сот орындаушылары берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлік, 7 жылжымалы мүлік сатты, сол арқылы 20 млн.теңгеден астам берешек өтелді.


Сонымен қатар, 2023 жылы алимент бойынша әрекетсіздігі үшін 8 жеке сот орындаушысына қатысты лицензияның қолданысынан айыру туралы ұсыныс жіберілді, 4 сот орындаушысы лицензиядан айырылды, 4-уі сот қарауында.


2023 жылы 27-ден астам отбасы қайта қауышып, алимент төлеу мәселесі жойылды. Сонымен қатар, алимент өндірісін нақты орындау және борышкерлер мен өндіріп алушылар арасында ымыраға келу үшін сот орындаушылары көбінесе медиаторлардың көмегіне жүгінеді. 2023 жылы 116 бітімгершілік келісім жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот орындаушы #Алимент #жұмыс #құқық #заң #әлеумет #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.