Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Алғыс айту күні қалай атап өтіледі?

Алматыда Алғыс айту күні қалай атап өтіледі?

Әлеумет 28.02.2023, 07:18 1,048
Алматыда Алғыс айту күні қалай атап өтіледі?
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Алғыс айту күнінде 17 іс-шара өтеді.


Көктемнің алғашқы күні ел тұрғындары Алғыс айту күнін атап өтеді. Айта кету керек, Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келеді, оның өкілдері алматылықтарды құттықтап, Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алғыс айту күнін атап өту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының ҚХА орынбасары хабарлағандай, «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматыдағы филиалының төрағасы Всеволод Лукашев Алматыда республикалық және қалалық екі Достық үйі бар екенін, сондай-ақ, 20 этномәдени орталық бар екенін айтты. Олардың әрқайсысында мерекелік іс-шаралар жоспарланған.



«Бұл күні мерекелік концерт, Алғыс айту күніне арналған кездесулер мен конференциялар, көшпелі цирк қойылымы, спектакльдер, қуыршақ шоулар, дөңгелек үстелдер, акциялар және т.б жоспарланған. Бұлар - ресми іс-шаралар. Бірақ әр мәдениет ошағы өз этносының ішінде, ұйымының аясында өз іс-шараларын өткізеді. Сондықтан оларды тізіп шығу іс жүзінде мүмкін емес», - деп бөліскен спикер барлық қажетті ақпаратты Ассамблея мен Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болатынын айтты.



Ассамблея бастамасымен өткізіліп жатқан іс-шаралар тек дәстүрлі БАҚ-та ғана емес, ғаламтор кеңістігінде де кең резонансқа ие болуда, деп атап өтті Алматы қаласы ҚХА Журналистер клубының төрайымы, республикалық «Deutsche Allgemeine Zeitung» неміс басылымның бас редакторы Олеся Клименко.



«Алғыс айту күні аясында аталып өтетін барлық іс-шаралар, әрине, барлық этномәдени басылымдарда өз материалдарын табады. Одан бөлек, біз әрқашан есте қалатын даталарға, соның ішінде мемлекеттік мерекелерге қатысты арнайы шығарылымдарды шығаруды,  біздің этномәдени БАҚ парақшаларында таныстырылған түрлі пікірлерді, адамдардың қызықты тағдырлары, түрлі мамандық өкілдері бұл этномәдени БАҚ беттерінде ұсынылатын түрлі пікірлерді шығаруды жоспарлап отырамыз,», - деді О.Клименко.



Алматы қаласы ҚХА орынбасары бір ғана Алматының өзінде жүзден астам этнос өкілдері тұратынын еске салды. Олардың барлығын елімізде өзара ынтымақтастық пен бейбітшілік орнатуға деген ортақ ниет біріктіреді.



«Алғыс айту күні – бәріміздің рахмет айту мүмкіндігіміз. Барлық этностарға, православтарға, мұсылмандарға, иудейлерге тамаша елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап отырғандары үшін алғыс айтамын. Біз бұл елді біртұтас Қазақстан халқының күшімен бірге жасап, дамытып жатырмыз», - деп түйіндеді сөзін Всеволод Лукашев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алғыс айту күні #Алматы #іс-шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.