AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі тұрғындар ү...

Алматыда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігі бағаланды

Әлеумет 10.02.2026, 11:56 584
Алматыда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігі бағаланды
Алматы әкімдігі

Алматыда халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігіне алғаш рет жүйелі әрі ауқымды талдау жүргізілді. Бұл туралы мегаполистің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты.

Ведомство мәліметінше, барлығы 34,1 мың нысан паспортталды. Оның ішінде 733 мемлекеттік нысан (3%), 21,3 мың жеке сектор нысаны (62%), 9,4 мың көппәтерлі тұрғын үй (27%) және 2,7 мың қоғамдық көлік аялдамасы (8%) бар. Талдау нәтижелері 2030 жылға дейін нысандардың кемінде 75 пайызын бейімдеуге негіз бар екенін көрсетті.

Үдерісті автоматтандыру мақсатында «АДО» АҚ-ның Ситуациялық орталығы әзірлеген «Сандық инклюзия. Нысан паспортының тіркелуі» мобильді панелі қолданылады. Бұл жүйе нысандарды паспорттау барысының барлық кезеңін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Әкімнің инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісімен бірлесіп, қолжетімді ортаны қамтамасыз етудің өңірлік қағидалары әзірленіп жатыр. Аталған қағидаларды қабылдау кедергісіз ортаның жүйелі дамуын қамтамасыз етіп, цифрлық құралдарды пайдалану арқылы жобалау-сметалық құжаттамаға және жаңа нысандарды пайдалануға беру үдерісіне бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ, нысандарды жобалау, салу және пайдалану бойынша бірыңғай стандарт бекітеді.

inva.gov.kz порталына қала бойынша 9,9 мыңнан астам нысан туралы мәлімет енгізілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша нысандардың 60 пайызы бейімделді, бұл жоспарланған көрсеткіштің 100 пайызына сәйкес келеді. Ал 2026 жылы шамамен 5,7 мың нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);