AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу аш...

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Білім және ғылым 17.03.2026, 11:47 608
Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Алматы қаласының Білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос басшылық лауазымдарға үміткерлерді конкурстық іріктеуді жаңа, ашық форматта өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іріктеу процесі қала тарихында бірінші рет тікелей эфирде көрсетіліп, кез келген адамға конкурстық комиссия отырысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік алды.

12 наурыз күні өткен комиссия отырысы Білім басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы көрсетілді. Бастама білім беру саласындағы мемлекеттік басқару бағытындағы ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды.

Конкурстық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар педагогика және білім беру менеджменті саласындағы тәуелсіз сарапшылар кірді. Ашық сұхбат барысында үміткерлер білім беру ұйымдарын дамытуға қатысты өз көзқарастарын ұсынып, басқарушылық және кәсіби құзыреттері бойынша бағаланды.

Іріктеудің жаңа форматы рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етіп, шешімді жабық түрде қабылдау мүмкіндігіне жол бермеуге бағытталды. Тікелей эфир кәсіби қауымдастық пен жалпы жұртшылық тарапынан қызығушылық тудырып, білім беру жүйесіндегі басқарушылық кадрлық резерв қалай қалыптасатынын бақылауға жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);