AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет жасанды жүрек имплантациясы жас...

Алматыда алғаш рет жасанды жүрек имплантациясы жасалды

Медицина 24.11.2022, 11:43 1,879
Алматыда алғаш рет жасанды жүрек имплантациясы жасалды
Сурет: Almaty.tv

Көпті алаң қылған ота сәтті өткен.


Алматыда алғаш рет жасанды жүрек имплантациясы жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cілтеме жасап.


60 жастағы Ғаппар Қалиевті 2 жылдан бері жүрек функциясының жеткіліксіздігі мазалаған. «Ісіну мен ауыру жанымды қинайтын» деген науқас 38 күннен бері ауруханада. Жүрегі қан айдауда жеткіліксіз қызмет атқарғандықтан, о баста азаматтың жағдайы ауыр деп бағаланыпты. Абырой болғанда, көпті алаң қылған ота сәтті өткен.



«Ауру тоқтамады, кейіннен 1-2 айдан қайталана берді. Басым ауырады, түнде ұйықтамаймын, аяқтарымда, қарындарымда ісік болады. 24 сағат ұйықтамаған күндерім көп болды. Март айынан бастап қатты ауырдым. Өзіме сендім, қорыққан жоқпын», –  деді науқас Ғаппар Қалиев.



Жаңа әдіс арқыл жүрек қанның бүкіл ағзада айналуына көмектеседі. Яғни, түтіктің біреуі қолқаға, екіншісі жүректің сол жақ қарыншасына қосылады. Ал мұндай жасанды жүрегі бар науқастың тамыр соғысы болмайды, бұл – басты ерекшелік.



«Егер адамның сол жақ жүрекшесі істемесе, сол кезде насос қойып, біз көмек жасаймыз адамның жағдайын жақсарту үшін. Бұл ота біздің өңірде бірінші рет жасалып жатыр. Бірақ мұндай науқастар өте көп. Көп ота жасалуы керек», – деді  Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.



Жүрек имплантациясы Алматыда бірінші рет жасалды. Көмекші механикалық құрылғыны орнатуға Астанадағы Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталықтың мамандары да жұмылдырылған. Ал алматылық кардиохирургтар жүрек патологиясын емдеудің тың әдістерін әлі де енгізетінін хеткізді.



«Біздің мамандар отандық, шетелдік клиникаларда тәжірибе жинақтады. Жалпы, бұл отаға біздің ұжым өте ұзақ дайындалды. Сәтті өткен жүрек имплантациясы – біздің 3 жылдық еңбегіміздің нәтижесі», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова.



Жүрек имплантациясын күтіп жатқан тағы 1 науқас бар. Ол әзірге жансақтау бөлімінде. Азаматтың жағдайы отаға қауқарлы деп танылғанда кезекті имплантация қойылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);