ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі»...

Алматыда алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» өтеді

Мәдениет 19.09.2022, 08:27 1,308
Алматыда алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» өтеді
Сурет: Moslenta.ru
Фестивальдің маңыздылығы – тәжірибе алмасу, кәсіби қасиет-қарымын шыңдау.

Фестивальдің маңыздылығы – тәжірибе алмасу, кәсіби қасиет-қарымын шыңдау.


25-26 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі (ҚР МҮАО) өзінің 33-ші концерттік маусымын ашады. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, дирижер - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Беляков.


Алыс-жақын шетелден келетін 10 дирижер қазақстандық көрермен алдында өз өнерлерін паш етпек. Эстониядан Маргус Касемаа, Латвиядан Сподрис Качанс, Ресейден Виктор Худолей, (Польшадан Дариуш Адам Леджион, Израильден Самуэль Хагин, Грециядан Николас Хрисчохоу, Словениядан Миро Сайе, Өзбекстаннан Тимур Мирзаев, Қазақстаннан Қанат Ахметов пен Александр Беляков қатысады. Фестиваль шарттарына сәйкес, олардың әрқайсысы өз елінің үздік туындыларын ұсынады. Атап айтқанда, бағдарламаға сәйкес, Е.Таммның «Эстон рапсодиясы», Р.Куллдың «Тульяк», Р. Паулстың «Мелодия», В. Килярдың «Ресей даласы», «Пан Тадеуш» фильмінен «Полонез», Н.Шемердің «Алтын Иерусалим», Н.Скалкотастың «Грек билері», Е. Живаевтың аранжировкасындағы «Батыр Закировтың әндері», Ә.Бестібаевтың «Тойбастар» , «Азия дауысы» шығармалары орындалады.


Фестивальдің маңыздылығы – тәжірибе алмасу, кәсіби қасиет-қарымын шыңдау. Алдағы уақытта «Дирижерлер шеруі» фестивалі дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда. 
Кеш бағдарламасында ұсынылатын әр халықтың музыкалық өнеріндегі бірегей формат, шығармалардың алуан түрлілігі, өзіндік ерекшелігі мен қайталанбас әуені өнер сүйер қауымға ғажайып көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.  


Кеш Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында сағат 18.00-де басталады.


1990 жылы құрылған Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі қазақ композиторлары шығармаларын орындау шеберлігімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандардың назарына ілікті. Бүгінгі таңда оркестрде республикалық және халықаралық конкурстардың лауреат музыканттары мен дипломанттары жұмыс істейді. Оркестр репертуарында 200-ден астам концерттік бағдарламалары бар. Ресей, Германия, АҚШ, Франция, Англия, Қытай елдерінің атақты дирижерлері мен музыканттары әрдайым ұжымның жоғары кәсібилігін, мінсіз интонациясы мен аспаптарды асқан шеберлікпен меңгеруін, оркестр мүшелерінің тамаша үйлесімділігін, бай дыбысталу тембрін, бай репертуарын айырықша атап өтеді. Бас дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қанат Ахметов. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Беляков. Қазақстан композиторларының шығармалары топтастырылған республика тарихындағы тұңғыш компакт-диск Оркестрдің орындауында жазылды. Ұжымның соңғы жетістіктерінің бірі – «Марши наших побед» (Ресей) Халықаралық онлайн-байқауындағы бас жүлдесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.