AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын арнайы комиссия тексереді

Әлеумет 18.05.2022, 08:28 1,113
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын арнайы комиссия тексереді
Сурет: Retailers.ua

Бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылданатын болады.


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына арнайы комиссия тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


сауалына Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының  мәліметі бойынша Алматы қаласының азық-түлік дүкендері мен базарларындағы, үй жанындағы дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қоюға рұқсат етілген 15% саудалық үстеме бағаны сақтау мәніне тексеру жүргізіледі. 


Көшпелі комиссия құрамына аудан әкімдігінің, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда департаменттері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту басқармасы, қалалық прокуратураның келісімі бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері кіреді. 


Рейдтік іс-шараларға 26 әмбебап базары мен Алматы қаласындағы 3 600 «үй жанындағы» дүкендер қамтылады.


 Тексеріс барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 15%-дан асса және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын (олардың белгіленген бағасына қарай) көтергендегі жауапкершілік туралы хабарламалар беріледі. 



«Егер бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 204-4 бабына сәйкес, шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, саудалық үстеме бағаны көтергені үшін кәсіпкерге бірінші жолы ескерту беріледі, бұзушылық қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіштен 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (30 630 теңгеден 918 900 теңгеге дейін) мөлшерде айыппұл салынады. 



Белгіленген шекті бағаны бірінші рет көтергені үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (306 300 теңге), бұзушылық қайталанған жағдайда, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (612 600 теңге) айыппұл салынады. 


Қолданыстағы сауда заңнамасын сақтау мақсатында кәсіпкерлерге баламалы нұсқа – Қазақстан Республикасының ірі дистрибьюторлары мен өндірушілерінен тікелей көтерме баға бойынша бакалея өнімдерінің тікелей жеткізілімі ұсынылатын болады» делінген хабарламада. 


Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көмір бағасын қадағалайтын жоба мен биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жобаның іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға #Алматы #дүкен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);