Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті

Алматыда әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті

Әлеумет 09.11.2022, 09:13 1,321
Алматыда әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Іс-шара кепілдік беру жүйесін екі жылда бір рет өткізетін шара.

Іс-шара кепілдік беру жүйесін екі жылда бір рет өткізетін шара.


Мегополисте «Туристік Қамқор» қоры ұйымдастырған кеңейтілген конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шарада өнімдерді әртараптандыруға, сондай-ақ туроператорлар мен туристік агенттіктерге арналған «tourcode.kz» әлеуметтік жобасының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, туризм саласында еселі еңбек атқарып жүрген жандарды, компания қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.



«Іс-шара кепілдік беру жүйесін екі жылда бір рет өткізетін шара. Бұл жерде біздер қордың осы уақытқа дейін атқарған қызметтері, туризм саласында қандай жаңалықтар бар екендігі, туристік заңнамада қандай өзгерістер болғандығы жайлы атап өтеміз. Қуантарлық жаңалықтардың бірі «tourcode.kz» порталының ашылуы. Ол жерде барлық туристік агенттіктер жайлы мағлұмат ұсынылады. Ішкі туризм, сыртқы туризмнің  мәліметтері бар. Енді шетелде, елімізде демалуды жоспарлап жүрген азаматтарымыз еш қиналмайтын болады», – дейді «Туристік Қамқор» қорының директоры Асылхан Есілов.



Осы ретте ақпараттық порталдың туроператорлар мен турагенттіктердің сауаттылығын арттыруға бағытталған, сондай-ақ шетелге шығатын Қазақстан Республикасының азаматы үшін жолсерік болып табылатын әлеуметтік жоба ретінде құрылғанын ерекше атап өткеніміз жөн.




«Бүгінгі жиынымыз қазақстандықтардың сыртқы туризмі бойынша, солардың құқығын кепілдендіру жүйесі бойынша өткізіліп отыр. Ол жүйе 2016 жылдан бастап енгізілген. Бұл жүйе пандемия кезінде өзінің тиімділігін көрсетті. Ол кезде шетелде 6 мыңдай турист қалып қойды. Көптеген аэропорт жұмыс істемей, кей ұшақтар қабылдамай қойған еді. Сол кезде жүйе бюджеттен ешқандай қаражат алмай-ақ туристердің елге оралуларына көмек көрсеткен болатын. Осы секілді мәселелер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жиында талқыланды. Сондай-ақ, туристерге қолайлы болу мақсатында келеңсіз жайттардың алдын алу керектігі айтылды», – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.



Аталмыш қордың бүкіл қызметін бүге-шігесіне дейін интернет кеңістігінде, яғни www.fondhamkor.kz сайты арқылы оқып-білуге болады. Ондағы ақпараттар турагент, туроператор және туристке қолжетімді. Сайтта туристерге әлдебір төтенше жағдайға тап болғанда, қайда, кімге жолығуы керектігі, «Туристік Қамқор» қорына қандай деректер беруі керектігі айтылған. Бұдан кейін жүйе әкімшілігінің жұмысы басталып, ол шұғыл кеңес шақырып, туриске ауыртпалық түсірмей, жағдай жасау әрекеттеріне көшуге шешім қабылдайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.