Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары...

Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүретін келесі учаске белгілі болды

Әлеумет 02.08.2023, 03:50 871
Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүретін келесі учаске белгілі болды
Сурет: Almaty.tv

 Алматы қалалық мобильділік басқармасы Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүретін келесі учаскені мәлім етті.


Ведомствоның мәліметінше, Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағына полимерлі асфальтты бетонды төсеу жұмыстары аяқталды. Солтүстік жағында Достық даңғылынан Есентай өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазір көлік қозғалысы ашылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Енді Есентай өзені арқылы өтетін көпірден Қожанов көшесіне дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жұмыстары өтеді.


1 тамыз күнгі сағат 23:00-ден 3 тамыз күнгі таңғы 07:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағындағы көлік қозғалысы толығымен жабылады.
2 тамыз күнгі сағат 07-00-ден 3 тамыз күнгі 00-00-ге дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпірден Сырғабеков көшесіне дейінгі аралықтағы Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағынан реверсивті қозғалыс ашылады.
Батыс және шығыс бағыттағы жолақтардың санын патрульдік полиция қызметкерлері көлік қозғалысы жағдайына байланысты анықтайды.
3 тамызда түнгі сағат 00-00-ден таңғы 07-00-ге дейін Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағыттағы (Есентай өзені арқылы өтетін көпірден бастап) көлік қозғалысы толығымен жабылады.
1 тамыз күнгі сағат 23:00-ден 3 тамыз күнгі 07:00-ге дейін Ботаникалық бақ пен Қозыбаев көшесіне кіретін және шығатын жол, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан Қожанов көшесіне шығатын жол шектеледі.
«Осыған байланысты Жароков, Қожанов және Қозыбаев көшелерінен айналма жол қарастырылады.
Жол жабық кезде Қожанов көшесінен Әл-Фараби даңғылына өтетін батыс бағыт ашық болады.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 6 бригадасы жұмыс істейді. Сондай-ақ қозғалыс жылдамдығын сағатына 40 шақырымға шектеу белгілері орнатылып, конус пішіндегі жарықта шағылыстырушы фишкалар арқылы жол жолақтары бөлінеді», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әл-Фараби даңғылы #жол жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.