AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология...

Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының конгресі басталды

Барлығы 14.05.2025, 14:05 1,096
Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының конгресі басталды
almaty-akshamy.kz

Ауқымды жиын 14–16 мамыр күндері офлайн және онлайн форматта өтіп жатыр.

 


Конгреске Қазақстан мен шетелден келген жетекші дәрігерлер, ғалымдар, денсаулық сақтау саласының сарапшылары қатысуда.

Ұйымдастырушылар мерейтой қонақтарын ұлттық музыкамен, дәстүрлі қонақжайлықпен қарсы алды.


Жиын басталар сәтте орталықта қызмет еткен марқұм әріптестерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін орталықтың тарихынан сыр шертетін қысқаметражды деректі фильм көрсетілді.

Конгрестің ашылу салтанатын орталықтың басқарма төрағасы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, MBA иегері Гульфайруз Уразбаева жүргізді. Алғашқы құттықтау сөзді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова онлайн форматта жолдады.

Салтанатты шарада медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нина Каюпова, Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова, Мәжіліс депутаты Гүлдара Нурумова, академик, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар құттықтау сөз сөйледі.


Пленарлық отырыстарда заманауи акушерліктің өзекті мәселелері; ана мен бала денсаулығын қорғаудағы ғылыми және білім беру үрдістері; репродуктивті медицинадағы жасанды интеллект; ала туу көрсеткішін арттыру жолдары; орталықтың халықаралық ынтымақтастықтағы рөлі туралы мәселелер талқыланды.

Конгресс аясында шеберлік сабақтары, ғылыми мектептер, неонатология, генетика, УДЗ, репродуктивті денсаулық бойынша сессиялар өтуде. Сонымен қатар медициналық құрал-жабдықтар мен фармөнімдердің арнайы көрмесі ұсынылған.

Профессор Нина Каюпова өз сөзінде: «Біздің орталықтан 47 доктор дайындалды. Бұл – Қазақстан ғылымына қосылған үлкен үлес. Ең бастысы – бұл өмір сыйлайтын мамандық. Ақ халатты жандар әрбір ана мен әкенің қуанышына себепші бола алады», – деп атап өтті.

Айта кетейік, ана мен бала саулығы жолындағы жарты ғасырлық еңбектің, ғылым мен тәжірибе үндестігінің символына айналған мерейтойлық шара үш күн – 14, 15, 16 мамырға дейін жалғасады.

 

 

Репродуктивті денсаулық – ұлт болашағының кепілі

 

Вячеслав ЛОКШИН, академик, ҚР ҰҒА мүшесі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

– Бұл орталық – еліміздегі акушерлік-гинекологиялық қызметтің көшбасшысы. Репродуктивті денсаулық – ана мен бала саулығының негізі. Қазір елімізде ана өлімі 7–8 есеге азайып, Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Феталдық хирургия, ЭКО технологиялар қолжетімді. Жыл сайын 6 мыңнан астам сәби ЭКО арқылы дүниеге келеді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 30 мың процедура орындалып, 11 мың бала туылды. Алайда әсіресе ауыл тұрғындары ЭКО жайында толық ақпараттанбаған. Мемлекет есебінен 18 клиникада ЭКО тегін жасалады.

Сонымен қатар, ерлердің репродуктивті денсаулығы да назарда болуы керек. Артық салмақ, дұрыс тамақтанбау бедеулікке әсер етеді. Жастарға жыныстық сауаттылықты мектептен бастап үйрету маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конгресс #гинекология #перинатология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);